№ хаттама 2017 жыл



бет51/76
Дата03.10.2024
өлшемі0,68 Mb.
#146680
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76
Байланысты:
Макроэкономика-emirsaba.org

IV Есептер
1. Капиталдың толық мобильділігі бар шағын ашық экономика келесі шарттармен ұсынылған:
, , , ,

, , ,
, , .



Әлемдік пайыз мөлшерлемесі 10 пайызды құрса, бұл экономикада қандай жағдай қалыптасады?
2. Кіші ашық экономикалы елде Х тауарына деген ішкі сұранысы мен ұсынысы келесі теңделермен берілген:
Сұраныс: Р = 8 – 0,05Q; ұсыныс: Р = – 4 + 0,2Q,,
мұндағы,
Q – Х тауарының саны, млн. дана;
Р – Х тауарының бір данасының бағасын, тг.
Х тауарының әлемдік бағасы 6 тг. Үкімет Х тауарының бір данасына 1 тг. көлемінде экспорттық субсидия енгізеді. Осы елдің экспорт көлемі қалай өзгереді?


7 АЙЫРБАС БАҒАМЫНЫҢ ТӘРТІПТЕРІ ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС
7.1 Номиналды және нақты айырбас бағамдары
Ел ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтердің бағасын басқа елде өндірілген тауарлар мен қызметтердің бағасымен салыстыру үшін, оларды бір валюта арқылы көрсету керек. Экономистер екі түрлі айырбас бағамды ажыратады: номиналды айырбас бағамы және нақты айырбас бағамы.
Еуропалық жүйеде номиналды айырбас бағамы E шетел валютасының бір бірлігіне төлейтін отандық ақшалай бірліктерінің мөлшері ретінде анықталады.
Е айырбас бағамының жоғарлауы ұлттық валютаның құнсыздануын білдіреді, өйткені шетел валютасының бір бірлігіне көбірек отандық ақшалай бірліктерін беру қажет. Айырбас бағамы­ның төмендеуі ұлттық валютаның қымбаттауымен пара-пар.
Бір отандық валютаның бірлігіне қанша шетел валютасы­ның бірлігі айырбасталатынын тікелей айырбас бағамы көрсетеді. Айырбас бағамының тікелей әдісін АҚШ, Ұлыбритания, т.б. бірқатар елдер қолданады.
Бір шетелдік валюта бірлігіне қанша отандық валюта бірлігі айырбасталатынын кері айырбас бағамы көрсетеді. Айырбас баға­мының кері әдісін Қазақстан, Ресей, т.б. бірқатар елдер қолданады.
Айырбас бағамының негізгі екі тәртібі бар: тіркелген және құбылмалы немесе икемді айырбас бағамдары.
Тіркелген айырбас бағамы – бұл Ұлттық Банк немесе резерв жүйесі тіркелген бағамы болып табылады. Яғни, тіркелген айырбас бағамы жағдайында Орталық банк айырбас бағамын өзгеріссіз ұстап қалу мақсатында шетел валютасын тұрақты ара қатынаста сатуға және сатып алуға міндетті. Бірақ экономикада қалыптасқан жағдайға байланысты Орталық банк басқа айырбас бағамы дең­гейіне ауысуы мүмкін. Бұл жағдайда Е жоғарлауы ұлттық валюта­ның девальвациясы, ал Е төмендеуі ұлттық валютаның ревальвациясы деп аталады.
Құбылмалы немесе икемді айырбас бағамының тәртібі бойынша Орталық банк айырбас бағамын белгілеу процесіне араласпайды. Айырбас бағамы валютаға сұраныс пен ұсынысы арасындағы ара қатынастың негізінде реттеледі. Бірақ Орталық банк ұлттық валютаны мүлдем «еркін сапар шегуге» жібермейді, ол валютаны кейде сатып немесе сатып алып, айырбас бағамының кенет өзгерістерін тежеп отырады.
Тіркелген және құбылмалы айырбас бағамы тәртіптерінің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Айырбас бағамының жүйесі – халықаралық есеп құралдарын қолданудың саясаты мен тәжірибесі. Айырбас бағамы жүйелерінің тарихи түрлері:



  1. Алтын стандарт (1879-1934 жж.) айырбас бағамы «алтын нүктелері» арқылы реттеледі. Ол паритеттен ал­тынды сақтандыру, қаптау, тасымалдау шығындары сомасына ажыратылады. Артықшылықтары – ақша айналымының тұрақтылығы, инфляцияның болмауы. Кемшіліктері – ішкі экономикалық даму айырбас бағамының тұрақтылығын қамтамасыз етуге толық байланысты.


  2. Алтын девизионды жүйе (1944-1971 жж.). айырбас бағамдары тіркелген болды. Бірақ ұлттық мемлекеттер айырбас бағамын өздігінен паритеттің 10% шегінде өзгерту құқығына ие болды. Айырбас бағамын осы шектен асырып өзгерту тек Халықаралық валюта қорының рұқсатымен ғана жүргізілді. Валютаның тіркелген бағамын орнату барлық елдердің бір экономикалық саясатты жүргізуді талап етті. Инфляцияның әр түрлі қарқындары да кедергісін келтірді.

Резервті валютаның парадоксі: резервті валюта барлық елдер үшін қол жетімді болу керек еді, бұл елдің төлем балансының дефициті – резервті валютаның эмитенті кезінде мүмкін еді; бірақ төлем балансының дефициті осы валютаның сенімділігіне күмән келтіреді.




  1. Қалқымалы айырбас бағамын басқару жүйесі (Ямайка айырбас бағамының жүйесі, 1971 ж.). ішкі экономикалық саясаттың төлем балансынан тәуелсіздігі шектері кеңейді. Ұлттық экономиканың сыртқы экономикалық қатынастарға бейімделуі айырбас бағамын өзгерту арқылы жүзеге асады. Кемшілігі: белгісіздіктің жоғары дәрежесі.


Кесте 7.1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет