ІІ Келесі пікірлер дұрыс па?
Ашық экономикада ЖҰӨ мен ЖІӨ теңеседі.
Төлем балансында әрбір операция бір рет жазылады.
Бір жыл аралығында елдер арасындағы барлық экономикалық операциялар төлем балансында тіркеледі.
Төлем балансының ағымдағы операциялар шоты біздің экспортқа айырбасқа алынатын ақша сомасын көрсетеді.
Капитал қозғалысы шоты ішкі жинақтардың ішкі инвестициялардан артықшылығын білдіреді.
Жабық экономикада инвестициялар жинақтарға тең.
Ұлттық жинақтар шамасы ЖҰӨ минус тұтыну минус мемлекеттік сатып алу ретінде есептеледі.
Үлкен ашық экономика әлемдік пайыз мөлшерлемесіне әсер ете алмайды.
Шағын ашық экономика үлкен экономикаға қарағанда әлемдік қаржы нарықтарына шыға алмайды.
Жинақтар мен инвестициялардың өзгеруі төлем балансының ағымдағы шотына әсер етпейді.
Экспорт өскен сайын таза экспорт азаяды.
Ел ішінде өндірістің ұлғаюы импортты ынталандырады, ал шетелдік экономикалық белсенділік экспортты өсіреді.
Егер ішкі тепе-теңдік % мөлшерлемесі әлемдіктен төмен болса капиталдың сыртқа ағыны басталады.
Ашық экономикада ішкі % мөлшерлемесі төмендегенде капиталдың сыртқа қарай ағыны орын алады.
Ашық экономикада ішкі % мөлшерлемесі төмендегенде ел ішіне капиталдың тартылуы орын алады.
ІІІ Тест сұрақтары
1. Ұлттық шоттардың негізгі теңдестігі келесілердің өзара байланысын көрсетеді:
отандық өнімді сатып алуға табыстар мен таза экспорт;
отандық өнімді сатып алуға шығыстар, ішкі шығыстар мен таза экспорт;
отандық өнімді сатып алуға табыстар мен тұтыну;
отандық өнімді сатып алуға шығыстар мен ішкі шығыстар;
қаржы және мемлекеттік нарықтардың табыстары.
2. Шағын ашық экономика:
A) Әлемдік нарықтың үлкен үлесі болып, әлемдік % мөлшерлемесіне елеулі әсер етеді әлемдік;
B) Нарықтың үлкен үлесі болып, әлемдік % мөлшерлемесіне аз ғана әсер етеді;
C) Әлемдік нарықтың шағын үлесі болып, әлемдік % мөлшерлемесіне елеулі әсер етеді;
D) Әлемдік нарықтың шағын үлесі болып, әлемдік % мөлшерлемесіне өте аз ғана әсер етеді;
E) Әлемдік нарықтың орташа үлесі болып, әлемдік % мөлшерлемесіне елеулі әсер етеді.
3. Егер шығарылым көлемі ішкі шығыстарды өтемесе, онда айырма:
A) Импортталады;
B) Экспортталады;
C) Осы елдің азаматтары арасында бөлінеді;
D) Осы елдің фирмалары мен тұтынушылары арасында бөлінеді;
E) Ел ішінде қалады.
4. Егер шығарылым көлемі ішкі шығыстарға тең болса, онда таза экспорт мөлшері:
A) Оң;
B) Теріс;
C) Нольдік;
D) Қайта бөлінген;
E) Максималдық болады.
5. ЖҰӨ-ге енбейді:
A) Фирмалар табыстары;
B) Ел ішінде жұмыс істейтін, осы елдің азаматтары алатын табыстар;
C) Шетелдіктердің иелігінде, бірақ осы елде орналасқан өндіріс факторларының табыстары;
D) Ел ішінде және шетелде жұмыс істейтін, осы елдің азаматтары алатын табыстар;
E) Осы елде орналасқан және осы ел азаматтарының иелігіндегі өндіріс факторларының табыстары.
6. Ұлттық шоттардың негізгі теңдестігінің нысаны келесі:
A) І+S+NX=0;
B) (І-S)+NX=0;
C) (S-І)+NX=0;
D) NX-І-S=0;
E) NX=(І-S).
7. Капитал қозғалысының шотының жазылу нысаны:
A) І-S;
B) І+S;
C) S-NX;
D) NX-І;
E) І+S+NX.
8. Ағымдағы операциялар шоты дегеніміз:
A) Біздің таза экспортқа айырбасқа шетелден түсетін сома;
B) Біздің импортқа айырбасқа шетелден түсетін сома;
C) Шетел азаматтарының алған сомасы;
D) Отандық жинақтар мен таза экспорттың қосындысы;
E) Шетел инвестициялар мен отандық жинақтардың қосындысы.
9. Ұлттық шоттардың теңдестігі бойынша:
A) Экономикада капитал қозғалысының шоты жіне жинақтар мөлшері теңдестірілуі тиіс;
B) Төлем балансының капитал қозғалысының шоты және ағымдағы шоты теңдестірілуі тиіс;
C) Төлем балансының шоты мен әлемдік нарықтағы жинақтар мөлшері теңдестірілген;
D) Төлем балансының капитал қозғалысының шоты және ағымдағы шотының оң сальдосы бар;
E) Ішкі инвестициялардың сомасы мен шетел жинақтарының сомасы нольге тең.
10. Егер капитал қозғалысы шотының мөлшері теріс болса, онда экономикада келесі жағдай орын алады:
A) Ағымдағы операциялар шотының теріс сальдосы;
B) Ағымдағы операциялар шотының нольдік сальдосы;
C) Капитал қозғалысы шотының оң сальдосы;
D) Экспорт, импорт және қызметтердің тұрақты деңгейі;
E) Ағымдағы операциялар шотының оң сальдосы
11. (I-S) шамасы оң мәнді болған жағдайда:
A) біз экспорттауға қарағанда тауарларды көбірек импорттаймыз;
B) біз өндіргенге қарағанда көбірек экспорттаймыз;
C) біз тауарларды көбірек импорттаймыз да, көбірек жинақтаймыз;
D) біз көбірек экспорттаймыз да, көбірек жинақтаймыз;
E) біз көбірек жинақтаймыз да, көбірек инвестициялаймыз.
12. NX мөлшері оң болғанда экономикада келесі жағдай орын алады:
A) Біз әлемдік қаржы нарықтарында қарыз алушы ролін атқарамыз;
B) Біз әлемдік қаржы нарықтарында қарыз беруші ролін атқарамыз;
C) Біз әлемдік нарықтарға шыға алмаймыз;
D) Біз әлемдік аренада локальдік қаржы нарықтарына ғана шыға аламыз;
E) Біз әлемдік нарықтарында қаржы ресурстарын қарызға бере алмаймыз
13. r*>r болған жағдайда экономикада мына жағдай орын алады:
A) NX ағымдағы шоттың теріс сальдосы;
B) (I-S) капитал қозғалысы шотының нолдік сальдосы;
C) NX ағымдағы шоттың оң сальдосы;
D) инвестициялар сыртқы жинақтарға тең;
E) ішкі инвестициялар ішкі жинақтарға тең.
Достарыңызбен бөлісу: |