№ хаттама 2017 жыл


Номиналды айырбас бағамын анықтайтын факторлар



бет53/76
Дата03.10.2024
өлшемі0,68 Mb.
#146680
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76
Байланысты:
Макроэкономика-emirsaba.org

7.3 Номиналды айырбас бағамын анықтайтын факторлар
E = e.(P/P*) → e. = E (P*/P). (7.2)
Бұл теңдеу номиналды айырбас бағамының нақты айырбас бағамы мен екі елдегі бағалар деңгейіне байланысты екенін көрсетеді.
Номиналды айырбас бағамының өзгерістері
∆e(%) = ∆E(%) + (∆P*(%) – ∆P(%)),
E пайыздық өзгерісі – нақты айырбас бағамының өзгерісі; P пайыздық өзгерісі – бұл біздің инфляция деңгейі π; P* пайыздық өзгерісі – бұл басқа елдегі инфляция π*. Осылайша, номиналды айырбас бағамының пайыздық өзерісі:
∆e(%) = ∆E(%) + (π* – π). (7.3)
Бұл теңдеу екі елдің номиналды айырбас бағамының өзгерісі нақты айырбас бағамының өзгерісі мен осы елдердегі инфляция қарқынының айырмасының қосындысына тең екенін көрсетеді. Егер қандай да бір елде инфляция қарқыны Қазақстан­дағыдан жоғары болатын болса, онда уақыт өте келе 1 теңгеге осы елдің валютасын көп көлемде сатып алуға болады. Егер Қазақстанға қарағанда елдегі инфляция қарқыны төмен болса, онда уақыт өте келе 1 теңгеге осы елдің валютасы аз көлемде сатып алынады.
Жоғары инфляция салдарының бірі валютаның құнсыздану болып табылады, жоғары π төмендеуші e береді:

∆e(%)↓ = ∆E(%) + (π* – π↑).


7.4 Манделл-Флеминг моделі
Манделл-Флеминг моделі – тіркелген және қалқымалы айырбас бағамы кезінде әртүрлі экономикалық саясаттарды жүргізу нәтижелерін бағалау мақсатында қолданылатын кіші ашық экономика моделі.
Манделл-Флеминг моделінің шарттары:

  1. Y = C(Y-T) + I(r) + G + NX(e) → IS – тауар нарығы;


  2. M/P = L(r,Y) → LM – ақша нарығы;


  3. r = r*.


Модельде үш эндогенді айнымалы бар: Y, e, r. Екі график тұрғызу ұсынылады. Әр графикте айнымалылардың біреуі константа ретінде қабылданады, ал талдау екі айнымалылардың байланысын зерттеу үшін жүргізіледі.


Манделл-Флемингтің Y–r моделі 7.5.1 суретте көрсетілген.

7.5.1-сурет. Манделл-Флемингтің Y–r моделі

Суретте IS қисығы төмен, ал LM – жоғары бағытталғаны көрсетіліп тұр. Көлденең сызығы әлемдік пайыздық мөлшерлемені сипаттайды.
Графиктің екі ерекшелігі бар:

  1. IS қисығының көлбеуі айырбас бағамының деңгейімен шартталған. Айырбас бағамының жоғарылауы қисықты солға жылжытады;


  2. барлық үш қисық бір нүктеде қиылысады.


Манделл-Флемингтің Y–e моделі 7.5.2-суретте көрсетілген.


7.5.2-сурет. Манделл-Флемингтің Y–e моделі

7.5.2-суретте тігінен айырбас бағамының мәндері, ал көлденең – табыс деңгейі көрсетілген. Пайыздық мөлшерлеме тұрақты және әлемдік пайыздық мөлшерлемеге тең деп ұйғарылады. Бұл жағдайда графикте екі теңдік көрсетіліп тұр:


Y = C(Y-T) + I(r) + G + NX(e), IS;
M/P = L(r,Y), LM.

Экономикадағы тепе-теңдік екі IS және LM қисықтарының қиылысу нүктесінде орын алады. Осы қиылысу нүктесі айырбас бағамы мен табыстың деңгейін сипаттайды.


Манделл-Флеминг моделін талдау мемлекеттің кіші ашық экономикадағы кез-келген экономикалық саясатының нәтижелері тіркелген немесе қалқымалы айырбас бағамымен шартталған. Осылайша, қалқымалы айырбас бағамы кезінде табыс деңгейіне тек ақша-несие саясаты ғана әсер етеді, ал сол кезде валюта бағамының жоғарылауы нәтижесінде ынталандырушы бюджет-салық саясаты әсер етпейді. Тіркелген айырбас бағамы кезінде табысқа тек бюджет-салық саясаты ғана әсер етеді, ал сол кезде ақша-несие саясаты табысқа мүлдем әсер етпейді, себебі ақша ұсынысын өзгерту айырбас бағамын берілген деңгейде сақтап қалу мақсатын көздейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет