Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет114/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ӘЛЕУ

ӘЛЕУ


84

басшысыз – ел жетім», деген даналық 

сөздерде халықты басқаруға ақылды, 

көреген, білгір, озық ойлы адамдар- 

дың қажет болатыны, бұлар өздерінің 

жеке басының ерендігімен, зор талант-

қабілеттілігімен  әлеуметтік  өмірде 

елеулі  рөл  атқаратыны,  қоғамдық 

прогресті шама-шарқынша тездетуге 

себепші болатыны айтылады. Қоғам- 

ның дамуына кесір-кесапатын тигізе- 

тін, оның прогресіне қарсы тұратын, 

барып  тұрған  керітартпа,  реакцио- 

нер адамдардың да кездесетіндігі бел- 

гілі. Мұндайлар жөнінде де халқымыз 

дұрыс  тұжырымдаған:  «Мың  адам 

салған көпірді бір адам бұзады», «Бір 

жаман бір топ қолды ірітеді», «Қырық 

кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ», деген 

мақал-мәтелдерден осы айтылғандар 

тайға таңба басқандай білініп тұр.

Халқымыз  жеке  адамдардың  қоғам- 

дағы орнын асыра бағалауға бармай- 

тындығын да ескерген. «Білгірім өлді 

деп қайғырма, бірегей туар тағы бір», 

«Қанша жақсы болса да жалғыз жігіт 

би  болмас»,  «Қатардан  ассаң  да  ха- 

лықтан аспақ жоқ», деген мақал-мә- 

телдерде ұлы адамдарды қажет бол- 

ған жағдайда қоғамның өзі тудырып 

отыратындығы,  ондайлардың  орны 

толмайды  деп  жоқтаудың  дұрыс 

еместігі,  оларға  босқа  табына  беру- 

дің  қажетсіздігі,  мұндай  басшылар- 

ды халық алдағы уақытта да өз орта- 

сынан тәрбиелеп шығаратындары дұ- 

рыс  топшыланған.  Мақал-мәтелдер- 

де тәрбие процесі үшін қоғамдық пі- 

кірдің, ұжымның рөлі ерекше маңыз- 

ды  екендігін  дұрыс  тұжырымдаған. 

Мәселен, «Халық айтса, қалт айтпай- 

ды», «Халық – қатесіз сыншы», «Тен- 

текті халқы түзейді» деген тұжырым- 

дар жеке адам сана-сезімінің жақсы 

жақтарын  дамытуда,  еңбек  сүйгіш- 

тікке, адамгершілік қасиеттерге тәр- 

биелеуде  ұжымның  жетекші  рөл  ат- 

қаратындығын  көрсетеді.  Ә.п-ның 

ерекше  пән  ретінде  болуының  басы 

1908  жыл  деп  саналады,  сол  жылы 

ағылшын психологі Мак-Дугалл мен 

американдық социолог Э.Росстың бір 

уақытта  шыққан  еңбектерінің  ата- 

лымдарында  «әлеуметтік  психоло- 

гия»  деген  термин  болды.  Ә.п.  мы- 

надай  негізгі  тараулардан  тұрады: 

адамдардың  қарым-қатынасы  мен 

өзара әрекеттестігінің заңдылықтары, 

топтардағы  Ә.п.,  тұлғаның  Ә.п-сы, 

қолданбалы  салалар.  Қарым-қаты- 

настың  мәні  адамдар  арасындағы 

қоғамдық  және  тұлғааралық  қаты- 

настардың жүзеге асуы ретінде ашы- 

лады,  бұл  қатынастардың  комму- 

никативтік, интерактивтік және пер- 

цептивтік  жақтары  зерттеледі.  Осы 

процестердің  бәрінің  нақты  әлеу- 

меттік топтарда, өндірістік бригада- 

ларда, мектеп сыныптарында, спорт 

командаларында  және  т.б.  қарасты- 

рылуы маңызды, өйткені осы процес- 

терде  әсер  ету  арқылы  бірлескен 

іс-әрекетті  оңтайландыруға  жәрдем- 

деседі. Ә.п.-ның аталған іргелі проб- 

лемаларының  практикалық  маңы- 

зы зор.


Әлеуметтік-психологиялық  зерттеу- 

лер  жұмысшы  бригадаларындағы 

психологиялық ахуалды зерттеу үшін, 

тұлғааралық  қатынастарды  жетілді- 

ру,  еңбек  мотивациясын  арттыру 

үшін  өнеркәсіп  өндірісі  саласында, 

сондай-ақ спортта, саудада, «отбасы 

қызметінде»  және  т.б.  жүргізіледі. 

Қолданбалы  әлеуметтік-психология- 

лық зерттеулердің тәрбие саласында 

ерекше  маңызы  бар.  Оқушылардың 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет