ӘЛЕУМЕТТІК ТАПТАУРЫН
(СТЕРЕОТИП) – жеке тәжірибе
мен қоғамда қабылданған түсінік-
терді жалпылау нәтижесі ретіндегі
ақпараттың жетіспеушілігі жағдайын-
да қалыптасатын әлеуметтік объек-
тілердің – топ, адам, оқиға, құбылыс
және т.б. – салыстырмалы тұрақты
және қарапайым бейнесі. Ә.т. тер-
мині американдық журналист У.Лип-
ман тарапынан 1922 жылы енгізілген.
Ә.т. адамның дүниені бағалауында
алатын рөлі зор, себебі ол өзгермелі
ақиқатқа жауап қайтару уақытын
қысқартып, таным процесін жылдам-
датады. Алайда, шектелген ақпарат
жағдайында пайда болып, Ә.т. жал-
ған болуы мүмкін және адамдар жө-
нінде қате білімдер мен пікірлерді
қалыптастырып, тұлғааралық өзара
әрекеттестікті, қарым-қатынасты бұ-
зады, осылайша консервативтік, реак-
циялық рөлді ойнайды.
Достарыңызбен бөлісу: |