85
өзара және мұғаліммен қарым-қа-
тынастарының қалыптасу заңдылық-
тарын білу сынып ұжымының топ-
тасуына себептеседі. Мұғалімнің
бұл білімдерді меңгеруі ол үшін тәр-
биелік әсер-ықпалдың нәтижелілігін
арттырудың маңызды резерві бо-
лады. Бұл мәселелерді шешу мұға-
лімнің әлеуметтік-психологиялық
даярлығын күшейтеді, соның ішінде
педагогикалық институттарда тиісті
курстар енгізуді талап етеді. Алайда
мектепте жүйелі әлеуметтік-психо-
логиялық зерттеулер жүргізу жөнін-
дегі жұмыс Ә.п.-ның басқа да қол-
данбалы салаларындағы секілді ар-
наулы әлеуметтік-психологиялық қыз-
мет ұйымдастыруды талап етеді.
Оның міндетіне еңбек және оқу ұжым-
дарындағы жағдайды диагностика-
лау, әр алуан әлеуметтік-психология-
лық проблемалар бойынша ұжым
басшылары мен мүшелеріне ақыл-
кеңес беру және ең бастысы, әртүрлі
буын басшыларына қарым-қатынас
мәдениетін білгізу қамтылады.
Осы мақсатпен Ә.п-да белсенді
әлеуметтік-психологиялық дайын-
дықтың, соның ішінде әлеуметтік-
психологиялық машықтанудың (тре-
нингтің) арнаулы бағдарламалары
жасалынды. Әлеуметтік-психология-
лық тренинг – адамдардағы психоло-
гиялық сипаттағы мәселелерді жою,
қылықты түзеп немесе денсаулығын
жақсарту үшін оларға психотерапев-
тік немесе психокоррекциялық әсер
ету практикасы мен теориясы.
Достарыңызбен бөлісу: