Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


ӘУЕзОВ  МҰХТАР  (1897-1961)  –



Pdf көрінісі
бет124/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ӘУЕзОВ  МҰХТАР  (1897-1961)  –  

кемеңгер М.Әуезов өзінің 20-жылда- 

ры жекелеген еңбектерінде («Ғылым 

тілі»,  «Философия  жайынан»,  «Оқу 

ісі» т.б.) философия мен психология- 

ға  байланысты  өз  ойларын  ортаға 

салды.

М.Әуезовтің  психология  мәселесіне 



қатысты айтқандары, сондай-ақ оның 

әр жылдары әдебиет, өнер, білім, ағар- 

ту, мектеп мәселелері туралы жазған 

шығармаларында да жиі ұшырасады. 



ӘСЕР

ӘУЕз


90

Бұларда адамның әр алуан көңіл күй- 

лері, эмоция, сезім, ерік-жігер ерек- 

шеліктері шығармашылық әрекет үс- 

тіндегі қаламгер шабыты, тәлімгерлік 

қасиет, қазақтың ұлттық психология- 

сы әр қырынан сөз болады. Төменде 

ғалымның  шығармашылық,  психо- 

логиясы  мен  этнопсихология  мәсе- 

лелері  жайында  айтқандарына  тоқ- 

талайық.  Оның  пікірінше  шабыт 

тек  өнер  өкілдеріне  ғана  тән  қасиет 

емес, ол кез келген мамандық иесін- 

де кездесетін ерекше психологиялық 

күй. Бірақ мұның өзі жазушы мен ақын 

үшін өте-мөте қажетті сипат. Мұндай 

жағдай  шығармашылық  адамында, 

біріншіден, бойдағы күш-қуаттың зор 

өрлеуімен, екіншіден шығармашылық 

соны  туындыға  құлшыныстың  күрт 

артуынан,  үшіншіден,  көңіл  күйдің 

шарықтап тасуымен сипатталады. «Жа- 

зушы  қаламынан  туатын  асыл  бұ- 

йым,  дейді М.О. Әуезов,  суреткер- 

дің өзінің жанынан терең алған күй- 

лерден туады». Мұндайда автор айт- 

қандай,  «алаңсыз  көңіл»,  «ақындық 

сезім», «ұзақ пісу», «бір жазғанын қай- 

та-қайта жаза беру», «өзін-өзі сынап 

қарай беру», т.б. көңіл күйлері шебер 

жазушы мен майталман ақынға ауа- 

дай қажет.

Жазушы қаламынан туған әрбір туын- 

ды, зергердің қолынан шыққан асыл 

бұйымдай  шығармашылық  шабыт 

күйінің  нәтижесі.  Шабыт,  салтанат 

құрған  шығарма  ғана  жұртты  өзіне 

баурап алады. Шабыт жоқ жерде әл- 

сіз, сүреңсіз жасық шығарма туаты- 

ны хақ. Мұндай да кісі сан алуан се- 

зім күйлерін, небір жан тебіреністе- 

рін басынан кешіреді, суреттеліп отыр- 

ған оқиғаға немесе диалогтарға бай- 

ланысты көңіл күйі мың сан құбыла- 

ды.  Бірде  достасып,  бірде  алысқан, 

кейде  қуанып,  керіліп,  мәз-мейрам 

болып  немесе  ашулы  күйік,  ыстық 

жас төгіп, жеңілу мен ұтылу жазасын 

шеккен,  болмаса  жеңіс,  табыс  пен 

қуаныш, шаттық тапқан, қысқасы ты- 

нысы былқыған жазушының жүрегі- 

нен ғана шын шығарма туады.

М.Әуезов  жазушы  шығармашылы- 

ғын  бірнеше  сатыларға  бөліп  ажы- 

ратады. Мәселен, қаламгер ең алды- 

мен  өмірмен  мидай  араласып,  оны 

терең білуі тиіс, мұнысын ол логика- 

лық  пайымдау  және  қиял  арқылы 

түсіндіре  алады.  Өмірді  дұрыс  та- 

нымай,  оны  бар  болмысымен  іштей 

меңгермей,  ақын,  жазушыда  шабыт 

тумайды. Екіншіден, шығармашылық 

өмірді терең білуден, оны үнемі зерт- 

теуден, үздіксіз жойқын еңбек етуден 

туындайды.  Шығармашылық  еңбек 

«жүрек қанымен» жазылатын, бейне- 

ті көл-көсір, рахатынан азабы басым 

болып келетін ауыр еңбек.

Жазу  барысында  тек  шабыт  күйін 

иемдену жеткіліксіз, мұнымен қатар 

шығармашылық  өкілінде  асқан  та- 

бандылық  пен  шыдамдылық,  ғажап 

бай қиял, қажыр-қайрат, әсерленуші- 

лік  секілді  қасиеттер  болуы  шарт. 

Көркем дүниенің өмірге келуі де әр- 

түрлі.  Мәселен,  кейбір  туынды  бас-

аяғы екі-үш күн ішінде жазылса, ен- 

ді бірі жылдар бойы жазылады. Әуе- 

зовтің  өзі  «Абай  жолы»  эпопеясын 

жазуға ұзын ырғасы 20 жылын сарып 

еткені  мәлім.  Осы  жылдары  ғұлама 

ғалым өзінің бүкіл мінез-құлқын, се- 

зім-талғамын,  қажыр-қайратын  ең 

басты мақсатына бағыттап, рухы мен 

жігерін  күндіз-түні  ширатып,  асқан 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет