97
БАЙҚАУ – белгілі бір мақсат қойып,
объектіні әдейі қабылдау. Ой жүгірту,
зейін қою байқаудағы негізгі әрекет-
тер. Психологияда Б. кең тараған әдіс,
оның мәнісі: зерттеуші басқа адамның
іс-әрекетін, оның мінез-қылығын, пси-
хикасын, сыртқы көріністерін (қи-
мыл-қозғалыстарын, сөйлеген сөзге
реакцияларын, мимикасын, жалпы
әрекетін), сондай-ақ адамның ерік-
күшін, сезім ерекшеліктерін, темпе-
раментін, жүріс-тұрыстарын жүйелі,
жоспарлы түрде бақылайды, осыған
орай ол адамның психикалық үрдіс-
тері, жай-күйі және психикалық қа-
сиеттері жөнінде қорытынды жасай-
ды. Белгілі жоспар бойынша жүйелі
біраз уақыт бойына зерттелуші адам-
ның психикалық ерекшеліктерін қа-
дағалауды байқау әдісі деп атайды.
Б.ә. әдетте, табиғи жағдайда, зертте-
лінуші адамның әрекетіне әдейі ара-
ласпай-ақ жүргізіледі.
Байқау әрі жүйелі, әрі мақсатты үр-
діс, арнайы жүргізілген әрекет. Ғы-
лыми байқау кездейсоқ, дұрыс ұйым-
дастырылмаған және жоспарлы түр-
де жүргізілмейтін қарапайым байқау-
дан өзгеше болып келеді. Ғ.б. үрді-
сінде аса сақ, дәлме-дәл болып, бай-
қалатын объектіге ешқандай бұрма-
лау жасамау керек. Мыс., мектептегі
оқушының ойлау және сөйлеу ерек-
шеліктерін зерттеу керек болса, ол
үшін зерттеуші оқушының сабақ үстін-
дегі жеке сөздерін, сөйлемдерін стено-
графиялап, күнделікке түсіреді, кейін
оны тиянақты түрде талдайды да, тиіс-
ті қорытынды шығарады. Ғылыми
зерттеу жұмыстарының түрлі ерекше-
ліктеріне қарай байқау әдісінде кей-
де аспаптар да қолданылады. Мыс.,
зерттелінетін объектіні суретке түсі-
ру үшін фотоаппараттар, сыналушы-
ның сөз тіркестерін жазып алып, ке-
йін оны қайтадан жаңғырту үшін дик-
тофон, магнитофон т.б. пайдаланылады.
Б.ә. нәтижелі болып шығуына қажетті
кейбір шарттар:
1) Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүр-
гізілінуін және бір фактінің өзі бір-
неше рет қайталанып зерттелінуін қам-
тамасыз ету;
2) Зерттелетін объектіні айқын белгі-
леу және байқаудың мақсатын түсіне
білу қажет. Мыс., байқау объектісі ре-
тінде сабаққа үлгерімі нашар оқушы-
ны алатын болсақ, мақсатымыз оның
сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысы-
ның кейбір ерекшеліктерін білу;
3) Байқалған фактілерді сол сәтте жа-
зып отыру, кейін оған мұқият талдау
жасау, басты фактілерді сұрыптап
алу – осы әдіске қойылатын негізгі
талаптардың бірі.
Сан рет жүргізілген байқаудың нә-
тижесіне байланысты сол сыналушы-
ға қатысы барлармен бірлесе отырып,
оқушының оқу әрекетін дамыту үшін
нақты жұмыстар белгіленеді. Б. кезін-
де адамның мінез-құлқын дұрыс тү-
сіне білудің де маңызы үлкен. Қазір-
гі кезде күнделікті іс-тәжірибеміз-
де де, белгілі ғылым салаларында да
объективтік байқау әдісі қолданыла-
ды. Бұл әдістің үш түрі бар: бір тү-
рі – мәнді және қызық деп тапқан пси-
хологиялық фактілерді анда-санда
баяндап отыру.
Әдістің мұндай жолын кездейсоқ
байқау деп атайды. Екінші түрі –
нысанаға алынған объекттің қимыл-
қозғалыстарын жүйелі түрде үздіксіз
байқау. Бұл – ұдайы байқау әдісі.
Үшінші түрі – байқауға алынған
объектіге белгілі бір мерзімде назар
Достарыңызбен бөлісу: