Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет153/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

БАСТ

БАСТ


112

Мұндай әдіс затты жан-жақты танып 

білуге  мүмкіндік  береді,  оқушылар- 

ды байқағыштыққа үйретеді.

Мектепке  келгесін  бала  зейіні  де 

қауырт дами түседі. Алғашқыда оның 

зейіні  шашыранды  болады.  Ол  бір 

нәрсеге жөндеп зейінін тұрақтата ал-

майды,  оның  көңілі  әрнеге  оп-оңай 

ауып кете береді. Сондықтан да, оқы- 

ту  бұл  кезде  тікелей  қызығуға  сүйе- 

ніледі. Мәселен, мұғалім әріптен буын, 

буыннан  сөз,  сөзден  сөйлем  құрай- 

ды, әріптердің орнын алмастырып, одан 

түрлі мағыналы сөздер тудырады. Бұл 

баланы  қызықтырып,  өзіне  тартады. 

Бірақ сабақты үнемі осылай өткізу оқу 

әрекетіне аса қажетті ырықты зейінді 

дамытуға  жағдай  туғызбайды.  Оқу  – 

күрделі әрекет. Сондықтан оған әдейі 

күш  жұмсап,  ұйымдасып  кіріспесе 

болмайды.

Баланың  ырықты  зейінін  дамыту 

түрлі жолдармен жүргізіледі. Көрнекі 

құралдарды  дұрыс  пайдалана  білу  – 

осындай тәсілдердің бастысы. Мәсе- 

лен, бірінші сынып оқушыларын са-

наттырып үйретуде таяқшалар пайда-

ланылады. Таяқша-тапсырманы орын- 

дауда  бала  психикасына  әсер  ететін 

көрнекі  тірек.  Заттың  нақты  бейне- 

сіне сүйену – осы жастағы бала пси- 

хикасының  басты  ерекшелігі.  Са- 

бақты  ылғи  көрнекілікке  негізде-

уге  де  болмайды,  сондықтан  сөзбен 

көрнекілік  ұштасып  келгені  дұрыс. 

Бастауыш сынып оқушылары оқыға- 

нын, көрген-білгенін есте жақсы сақ- 

тай алады. Олар көбінесе ашық бояу- 

лы, қимыл-қозғалысты, нақтылы нәр- 

селерді ұмытпайды. Ол өзіне қажетті 

(әсіресе, ойынға байланысты) нәрсе- 

лерді  есіне  сақтауға  тырысады.  Бі- 

рінші,  екінші  сыныпта  оқушылар  әде- 

йілеп  есте  қалдырудың  жолын  біл- 

мегендіктен, олар материалды түгел- 

дей  жаттап  алады.  Мұндай  жаттап 

алушылық – оқу тәсілін білмегендік- 

тен,  нені  қалайша  есте  қалдыру  қа- 

жетін  сезінбегендіктен  туындайтын 

қасиет.  Егер  мұғалім,  есте  қалдыру 

мен қайта жаңғыртудың арнаулы әдіс- 

терін  балаға  үйретіп,  бұлардың  нә- 

тижесін  үнемі  тексеріп  отырмаса, 

бала  жалаң  жаттауға  әдеттеніп  ке-

теді. Мұндайда бала материалдың іш- 

кі мәнісін түсінбей, тек қарасын біл-

геніне мәз болып жүре береді. Мате-

риалды  мағынасына  қарай  есте  қал- 

дыруға  дағдыланбаған  баланың  ке- 

йін жоғары сыныпқа барғанда күрде- 

лі материалды ұғынуға шамасы кел-

мейтін болады.

Жеті-сегіз  жасар  баланың,  ойлау  қа- 

білетінің  де  шеңбері  тар.  Оның  ай- 

наласын  қоршаған  дүние  (үй,  көше, 

мектеп)  шағын,  тәжірибесі  аз.  Сон- 

дықтан  бала  алыстан  орағытып  ой-

лай алмайды. Баланы ойлатып үйрету 

үшін төңірегін тереңірек білуге жағ- 

дай туғызу қажет. Ол әр нәрсенің ат- 

қаратын  қызметін,  не  тұрған  орнын 

(«балтамен ағаш жарады», «отын са-

райда  тұрады»)  ғана  білмесін,  өзіне 

таныс нәрселерді суреттеп, салысты-

рып  айтып  беретін  болсын.  Өйткені 

ойлау бір нәрсені екіншісімен салыс-

тыруды,  оларды  жіктеп-жүйелеуді, 

бір-бірімен  байланыстыруды,  қажет 

етеді. Оқушының бір зат жөнінде нақ- 

ты  елесі,  дұрыс  қабылдауы  болма-

са, ол оны өмірден көрмесе, бұл зат 

жөніндегі оның ұғымы да саяз бола-

ды. Мәселен, мұғалім баладан қандай 

тау аттарын білесің деп сұраса, Ала-

тау, Қаратау дей келіп, бұған Кентау 

қаласын да қосып жібереді. Бала осы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет