113
ұғымның негізгі ерекшелігін тау сөзі
деп түсінеді де, оның басты белгісін,
кездейсоқ белгісінен ажырата ал-
майды. Өйткені баланың ой-өрісінің
тарлығы, тәжірибесінің жоқтығы оған
осы ұғымның мазмұнына енетін не-
гізгі белгілерді қамтуға мүмкіндік
бермейді. Қорыта келгенде, төменгі
сынып оқушыларының психикасына
тән ортақ қасиеттердің бастылары-
на жалпы әсерге тез берілгіштік,
еліктегіштік, көрнекіліктің қажеттігі,
ойлануының нақтылығы, эмоцияла-
рының бояулы келетіндігі, қимыл-
қозғалысқа бейімділігі т.б. жатқызу-
ға болады.
Мектептегі оқу-тәрбие процесі бала-
ның жеке ерекшеліктерінің (мінезі,
қабілеті, темпераменті т.б.) қалыпта-
суында елеулі орын алады. Бұл жер-
де балалар ұжымының рөлі аса зор.
Мектеп ұжымының балалардың ойын
кезіндегі ұжымнан мазмұны да, фор-
масы да бөлек.
Мектеп ұжымының негізгі ерекше-
лігі оқушылардың білім негіздерін
меңгеруге байланысты ортақ мақсат-
ты көздейтіндіктерінен, жеке мүдде-
сін, көпшілік мүддесіне бағын-дыра
алуларынан байқалады. Мектеп ұжы-
мының ең негізгі мақсаты – оларды
оқуға жұмылдыру болып табылады.
Мәселен, «өте жақсы оқу», «Отанның
қамқорлығына жауап беру», «тәртіпті
болу – бұл ұжымға тигізген зор
үлес» деген моральдық ұғымдарға
үшінші-төртінші сынып оқушылары
жақсы түсіне бастайды. Оқушы бір-
тіндеп өзінің оқитын сыныбын, мек-
тебін сүйетін болады. Осы негізде
олардың жолдастык, достық т.б. осын-
дай моральдық сезімдері оянып қа-
лыптасады.
БАТА – адамға жақсы тілек білдіріп,
оны құдайдың қорғап-қолдауда қолда-
нылатын ұлттық тәлім-тәрбие тәсіл-
дерінің бір түрі. Басқа да жоралар-
мен бірге Б. дұға оқу, Аллаға сыйыну
кездерінде де айтылады. Бата адамға
психологиялық тұрғыдан әсер ету, оны
рухани жағынан қолдау үшін де қол-
данылады. Оны көп жағдайда кө-
некөз қариялар, көпті көрген ақсақал-
дар береді. Кісіге қуат беретін оң ба-
тамен қатар, кей жағдайларда теріс
бата деп аталатын түрлері де болады.
Достарыңызбен бөлісу: