Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет151/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

БАСҚ

БАСТ


110

гіне  тәрбиелейтін  қысқа  уақыттық 

ойындар ұйымдастыру жағына ерек-

ше көңіл бөлуі қажет.

Бұлардың  жүрісі,  мәнерлі  қозғалыс-

тары әбден оңтайлы, ширақ бола тұр- 

са  да,  саусақтарының  уақ  еттері  әлі 

де толық дамып жетіспеген. Сондық- 

тан да олар дәл қимыл-қозғалыстар- 

ға  шорқақ  (инені  сабақтай  алмау, 

қайшы мен пышақты ұстаудағы ебе-

дейсіздіктер). Балаға саз бен пласти-

линнен  мүсіндер  жасату,  сурет  сал-

дыру,  доппен  ойнату,  ине,  түйреуіш, 

пышақ, қайшымен жұмыс істеуді үй- 

рету арқылы мұғалім оның қолының 

уақ еттерін шынықтыра түседі. Бірақ 

балаға  тым  ұзақ  уақыт  жаздырудың 

да  қажеті  шамалы.  Мұндайда  оның 

қолы талады, саусақтары қажиды, ба- 

ла жазуға көңілсіз қарайды, жазуы бұ- 

зылатын болады.

Бастауыш мектеп жасындағы балалар- 

да  миының  дамуы  да  жедел  жүріп 

отырады. Мәселен, сегіз-тоғыз жасар 

балалардың миы анатомиялық жағы- 

нан  ересек  адамның  миының  струк- 

турасына  жақындайды.  Мидың  маң- 

дай  тұсы  жедел  өседі,  онда  жүйке- 

лік  жаңа  жолдар  пайда  болады. 

Жоғары жүйке жүйесінің процестері 

нақтылана,  тәртіпке  түсе  бастайды, 

екінші  сигнал  жүйесінің  мәні  арта- 

ды, мидың анализдік, синтездік қыз- 

меті  күрделенеді,  тежелу  процесі 

(оның  актив,  шартты  түрлері)  нығая 

түсетін  болады.  Осы  айтылғандар- 

дың  бәрі  оқушылармен  оқу  проце- 

сін күрделендіре жүргізуге болатын- 

дығын  жақсы  көрсетеді.  Мектепке 

жаңадан  түскен  баланың  психикасы 

алғашқыда әлі мектеп көрмеген бала- 

ның ерекшеліктеріне ұқсас болып ке- 

леді.  Өйткені  аз  уақыт  ішінде  бала 

психикасында  қауырт  өзгерістердің 

пайда  бола  қоюы  қиын.  Дегенмен, 

мектеп есігін ашқаннан-ақ бала пси-

хикасы белгілі арнамен дами бастай-

ды.  Бала  психикасының  дамуында 

мектеп елеулі кезең екендігі даусыз.

Бала мектепке дейін де (үйде, балалар 

бақшасында) оқиды. Бірақ мектепте-

гі оқудың өзіндік ерекшеліктері бар. 

Оқу бала үшін негізгі әрекет болып са-

налады. Оқу материалдарын орындау 

оған арнаулы міндет болып жүктеле- 

ді. Оқушының жаңа міндетін түсінуі, 

сабақты  жақсы  үлгіруі  –  оның  жеке 

ісі болмай, қоғамдық маңызы бар, не-

гізгі мотив екендігін балаға түсіндіру 

мұғалімге  оңайға  түспейді.  Өйткені 

бала  мектепке  түрлі  дайындықпен 

келеді. Бір баланың оқу жөнінде бұ- 

рыннан  жақсы  түсінігі  болады.  Ол 

үйінде қалам, қарындаш ұстауды үй- 

ренеді, екінші бала мұндайды білмей- 

ді, яғни ол бұған психологиялық жа- 

ғынан дайындалмаған болады.

Мектеп  есігін  алғаш  аттаған  балаға 

мұндағының  бәрі  соны  болып  көрі- 

неді. Кейбір балалар мектепке тосыр- 

қап  қарайды,  жасқаншақтық  қалып 

білдіреді. Көбінесе оның назары мұ- 

ғалімге  ауады,  қасындағы  балаларда 

жұмысы  болмайды,  өзіне  жолдас  із-

деуді, ұжым мүшесімін деуді де біл-

мейді.  Мұғалімнің  сыныпқа  айтқан 

сөзін  өзіне  де  арнап  айтылған  сөз 

деп  ұға  қоймайды.  Оны  тікелей  қы- 

зықтырмайтын  нәрселер  (бұл,  тіпті, 

сабаққа қатысты болса да) есінен тез 

шығады. Әдеппен жүріп-тұру, мектеп 

ережелерін  орындау  –  көпке  дейін 

қиынға  соғады.  Мектеп  оқушысына 

тән  мінез-құлық  ережелерін  үнемі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет