123
мерлік, биязылық, мейірімділік әр бой-
жеткеннің асыл мұраты болса игі.
Халқымыздың ұлттық дәстүріндегі бір
ерекшелік – тәлімдік ақыл-кеңесті жас
ұрпақ санасына, әсіресе қыз балаға
тұспалдап, астарлай жеткізу. Бұл салт
ауылдық жерлерде күні бүгінге дейін
сақталған. Мәселен, «Келінім саған
айтам, қызым сен тыңда» деген бір
ауыз сөздің өзінде-ақ тәрбиелік талап-
тілектерді бірден бетке айта салмай,
көбінде оларды жанамалап жеткізге-
нін байқаймыз. Мұндай ақыл-кеңес-
ті көп жағдайда қыздың анасы, не
сырлас жеңгесі айтатын болған. Бұ-
лар – бірде талап-тілек, бірде ойла-
нып-толғануға негіз болатын зілсіз
ескертпе ретінде, яғни бойжеткеннің
мінез-құлқы мен іс-әрекетіне лайық-
ты «жақсы сөз – жарым ырыс» де-
гендей, әдіс-тәсілдер арқылы құлақ-
қа сіңетін. Қыз бала жастайынан үй
ішілік, тұрмыс-тіршілікке (кесте тігу,
ою-өрнек ою, киім тігу, құрт қайнату,
шай құю, ет мүшелеу, оны сақтау, ас
әзірлеу, үй ішін күту, т.б. осы іспеттес
істерге) машықтанып, баулынған.
Ұлан-ғайыр даланы мекендеген қазақ
елінің қайсыбір аймақтарына тән же-
ке ерекшеліктері мен өзгешелікте-
ріне қарамастан, қыздарды адамгер-
шілік мінез-құлыққа тәрбиелеудегі
халықтың дәстүрі ортақ еді. Қыз тәр-
биесінде халқымыз күш көрсету, қор-
қыту тәсілдерінен бойды аулақ ұс-
тап, оларды мәпелеу, иландыру, сен-
діру әдістері арқылы үлгі-өнеге көр-
сетуге ерекше мән берген. Қыз бала
14-15 жасқа жетісімен-ақ бой түзей
бастайды. Үсті-басын таза ұстап, сән-
ді киінуге, өзінің есейгенін сезіп, ай-
наласындағыларға әдемі, сымбатты
көрінуге тырысады.
Әсіресе, шаш күтімі, бет, тіс күті-
мі сияқты кісіге ажар беретін косме-
тикалық – гигиеналық атрибуттарға
ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жерде
ұлы Абайдың «Білектей арқасында
өрген бұрым, шолпысы сылдыр қағып
жүрсе ақырын, кәмшат бөрік, ақ та-
мақ, қара қасты, сұлу қыздың көріп пе
ең мұндай түрін» деген бейнелі суре-
ті қазіргі бойжеткендерімізге де ар-
нап айтылғандай. Расында да, қыз
баланың көркі алдымен білектей ар-
қасына өрген бұрым, яғни шаш күті-
міне байланысты болатыны хақ. Бой-
жеткеннің өңіне шашының қалыңды-
ғы мен ұзындығы, өрген қос бұрымы
қандай жарасымды десеңізші! Заң-
ғар жазушымыз М.Әуезов «Абай» ро-
манында бейнелеген қазақ бойжет-
кендерінің келбет-көркі мен сымбаты-
на еріксіз тамсанамыз емес пе? Сү-
йіндіктің қызы Тоғжан өз үйіне өзгеше
көктем нұрын кіргізген жан. Мұхтарша
айтсақ, Тоғжанның жүзі мағыналы
нұрға малынып тұрғандай. Оның сыл-
дыраған шолпысы, құлағындағы әше-
кей сырғасы, басындағы кәмшат бөркі,
білек толған білезіктері, аппақ жүзі,
қыр мұрны мен қарақаттай көзі, жаңа
туған айдай қиылған жіп-жіңішке
қасын ұлы жазушы «Тоғжан көрініп
кеткенде сұлу ай жарқ етіп, қайта
батқандай болды», – деп суреттейді
емес пе. Қыз баланың талғаммен
киінуінің бір сыры – өз тұрқының кей-
бір табиғи кемістігін жасырып, жақ-
сы жағының бәрін айқын көрсете
алатындай, яғни сән үлгісін өзіне бе-
йімдей ала білуінде; ішкі, рухани мә-
дениеті төмен адамның дұрыс тал-
ғаммен әдемі киіне алуы да екіталай.
Жас адамның, әсіресе қыз баланың
бүкіл кескін-келбеті (отырыс-тұрысы,
Достарыңызбен бөлісу: