ГАЛЬПЕРИН ПЕТР ЯКОВЛЕ-
ВИЧ (1902-1988) – Харьковтағы пси-
хологтар мектебінің мүшесі, ақыл-ой
әрекетін жоспарлап қалыптастыру
деген айрықша теорияның және пси-
хология пәнінің мәселесін диалек-
тикалық-материалистік рухта шешу-
де субъект іс-әрекетінің бағдарлы-
лығы ілімінің авторы. Г. теориясы
педагогикалық психологияда, ере-
сектерді оқыту психологиясында, пе-
дагогикалық төмендеп кеткен бала-
ларды, интеллектің дамуын психоди-
агностикалауда кең өрісті қолданыла-
ды. Ұлы Отан соғысы жылдарын-
да Г. іс-әрекеттік қатынас идеясын
басшылыққа ала жараланғандардың
қимыл-қозғалысын қайта қалпына
келтірумен айналысқан. Г-нің біраз
еңбектері нұсқа, зейін, инстинктер,
психология тарихы т.б. сол сияқты
бағыттарға арналған. Негізгі еңбекте-
рі: «Әрекеттің ақыл-ойлығы және
ғылым пәні» (1974), «Психологияға
кіріспе» (1976), т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |