ВУНДТ ВИЛЬГЕЛЬМ (1832-
1920) – неміс психологі, физиолог
және философ. Экспериментальды
психологияның негізін салушылар-
дың бірі. Психикалық-физикалық па-
раллелизм теориясы оның психол.
көзқарастарының негізі болды. В-
тың филос. көзқарастарындағы Спи-
ноза, Лейбниц, Кант, Гегель т.б. иде-
яларын өзара үйлестіру әрекетінің
нәтижесі бей-берекет сипатта көрінді.
В. таным процесін үш сатыға бөлді:
бірінші – күнделікті өмір тіршілігін
сезім арқылы тану; екінші – зертте-
летін нәрсеге әрқилы баға беретін
ғыл. тұжырымдарды байыптай оты-
рып тану; үшінші (сапалы түрде
тану) – «метафизика» қарастыратын
кез келген ғылымға филос. синтез.
В. метафизиканың қарастыратын кез
келген ғылымға филос. синтез. В. ме-
тафизиканың қарастыратын нәрсесі –
болмыс – құндылықтың еркінше ыды-
раған рухани системасы деген тұ-
жырым жасады. 1879 ж. Лейпцигте
тұңғыш психология лабораториясын
ашқан структуралистік психология-
ның өкілі, халықтар психологиясын
зерттеумен айналысқан. Еңбектері:
«Физиологиялық психологияның не-
гіздері» (1880), «Халықтар психоло-
гиясы» 10 том (1900-1920) т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |