Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет270/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЖАЛҒАНДЫҚ  ДЕТЕКТОРЫ  – 

адамның  аффектілік  жәйін  сипат- 

тайтын физиологиялық көрсеткіште- 

рін  объективті  зерттеуге  арналған 

аппараттар  жинағы.  Ж.д.  АҚШ-та 

жасалған,  көбіне  юристік  практика- 

да  құқық  бұзушыларды  тергеу  ке- 

зінде  қолданылады.  Ж.д-нда  сына- 

латын адамға терігальваникалық реак- 

цияны  (ми  биотоктарын  жазу),  пле- 

тизмограмманы  (ағзаның  тамырлық 

реакциясы),  тремор  (бұлшық  еттер 

дірілі)  және  т.б.  тіркейтін  аспаптар- 

дың датчиктері бір таспаға шығары- 

лып, тәжірибелі тергеуші ол көрсет- 

кіштер бойынша сыналушының эмо- 

циялық  жай-күйі  туралы  оның  мі- 

нез-құлқының  сыртқы  нысандарын 

ғана  бақылаған  кездегіден  гөрі  не- 

ғұрлым дәл пікір түйе алады. Мұнда 

әдейі  жаттықпаған  адамның  вегета- 

тивтік  реакцияларды  іс  жүзінде  өз 

ырқымен  басқара  алмайтыны  негіз- 

ге алынады.

Ж.д-нда  сынау  оның  нақ  көзделіп 

отырған эмоциогендік жағдаятқа қа- 

тысты  реакциясын  тіркейтініне  ке- 

пілдік  бермейді.  Бұлар  қорқыныш, 

үрей, депрессия күйіне душар ететін 

тергеудің өзіне деген реакциялар бо- 

луы  мүмкін.  «Шын  мәніндегі»  эмо- 

цияларды  аппаратуралық  әдістеме- 

лерден  «индукцияланған»  эмоция- 

лардан саралау мүмкін емес. Осының 

өзі көптеген соттық қателерге себеп- 

ші  болып,  жалғандық  детекторында 

сынауға  қарсылық  туғызды.  Психо- 

логияда Ж.д. шыққанға дейін-ақ қыл- 

мыстың «аффектілік іздерін» зерттеу 

әдісі талданып белгіленген болатын.



ЖАЛҒЫзДЫҚ – басқа адамдардан 

оқшауланған,  өзгерген  (үйреншікті 

емес)  жағдайға  ұшыраған  адамның 

эмоциялық күйіне ықпал ететін пси- 

хогендік  факторлардың  бірі.  Адам- 

ның Ж. жағдайда болу уақыты ұзар- 

ған  сайын  тілдесуді,  қарым-қаты- 

насты қажетсіну күшейе түседі. Бұл 

қажетсінуді қанағаттандыру мүмкін- 

дігінің болмауына жауап ретінде адам- 

дар  заттарды  (қуыршақтарды  және 

т.б.), әртүрлі жануарларды (өрмекші- 

ден  бастап  аттарға  дейін)  тұлғалан- 

дырып тіл бітіргендей әрекет жасай- 

ды, қиял күшімен серіктестер тудыра- 

ды  (бірқатар  жағдайларда  түсінде 

көрген  жарқын  эйдетикалық  бейне- 

лер түрінде), олармен дауыстап сөй- 

лесе бастайды. Бұл экстериоризация- 

лық реакциялар қорғаныштық (есесін 

өтеушілік)  реакциялар  деп  бағам- 

далып,  психологиялық  норма  шең- 

берінде  қарастырылады.  Орнықсыз 

психологиялық қарекет кезеңінде сы- 

налушыны арнаулы аппарат арқылы 

бақылауда немесе тұтқындағыларды 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет