ЖАЛҚАУЛЫҚ – адам бойындағы
жағымсыз сипат. Жұмысқа мойны
жар бермейтін еріншек, бойкүйез,
кежірлікті білдіретін мінездегі ұнам-
сыз сипат. Ж. кежегесі кейін тарт-
қан кежірлік, жайбасарлық. Ж. ша-
бан қозғалысымен, бойкүйездік ерін-
шектігімен, кертартпа кежірлісімен
айқындалатын адам мінезіндегі ерек-
шелік. Ж. жұмыс істегісі келмей ері-
ну, салғыртсыну сияқты адам міне-
зіндегі көріністерден де анық аң-
ғарылады. Жалқаулыққа салыну ке-
жегесі кейін тартып іс-әрекет етуге
ерінуді білдіреді. Ж. сияқты мінездегі
жағымсыз сипаттан арылу үшін
адам күнделікті тіршілікте өз алдына
мақсат-міндет қойып, оны қалайда
әрекет жасап жүзеге асыруым керек
деген талап қойып отыруы қажет.
ЖАЛПЫЛАУ – клиенттің монолог-
ты түрде тәубеге келіп ашқан сырын,
психолог кеңесшінің жалпылама
түрде қысқаша қайталауы. Ж. – тал-
дап қорыту, жұмыс тәжірибесін
талдап қорыту, жалпы қорытынды.
Ж. – заттар мен құбылыстардың
жалпы қасиеттерін ой (операциясы)
арқылы біріктіру тәсілінің бірі. Бұл
тәсіл абстракция, дерексіздендіру
әрекеттерімен тығыз байланысты. Ж.
тәсілі әртүрлі деңгейде жүргізіліп,
нәрселер мен құбылыстардың бір-
бірімен тығыз байланысты екендігін
білдіреді. Олардың өзара қарым-
қатынасын, себепті байланысын, даму
заңдылықтарын, жалпы және мәнді
белгілерін бейнелейтін ой әрекеті. Ж.
ұғым құрудың да негізгі тәсілінің бі-
рі. Ұғым құруда Ж. арқылы нәрселер-
дің тобына тән қасиет белгілері ата-
лып, олар сөйлеу әрекеттерімен ай-
Достарыңызбен бөлісу: |