200
таңдай беретін болады. Жалтақ бо-
лып, тайсақтай беру адам мінезін-
дегі ұстамсыздықты білдіретін жек-
көрінішті қылық, ерік-жігерсіздікті
көрсететін ұнамсыз сипат. Ж.-пен
күресудің тиімді әдісі артқа қарайлай
бермей, алаң болмай, межелі мақсат-
міндетті орындауға жан қуаттарын
бағдарлау. Тайсақтамай, жан-жағына
қарайлап, алаңдамай, қандай іске бол-
са да батыл кірісіп, мүдделі мақса-
тын орындау.
ЖАН (ағыл. soul; грек. psuxe; лат.
anima; қаз. жан, рух) – адамның және
хайуанаттардың тыныс-тіршілігін
қамтамасыз етіп тұратын рухани қуа-
ты. Ж-ның заттық қасиеті жоқ бол-
ғандықтан, оны танып-білу мүмкін-
дігі шектеулі. Аристотель: «жан – тән-
нің формасы, жан мен тән бірлікте,
Ж. тәннің бөлшектерін үйлестіріп
басқарып тұрады», дейді. Ж. туралы
қазақ ойшылдары да аз айтпаған.
Мәселен, С.Торайғыров «дене азыққа
тоюдан Ж. ержетер, Ж. ержетіп дүние-
нің сырын табар» десе, Ш.Құдай-
бердіұлы «жан тәнге, ақыл жанға
маталып тұр» дейді. Мұндай пікірлер
қазақ фольклорында да, әсіресе, ма-
қал-мәтелдерде көптеп кездеседі. («Тән
ауырса, жан да ауырады», «Жан бар
жерде қаза бар», «Жан кеудеге қо-
нақ» т.б.) Аннафе алинсанийа – «адам
жаны». әл-Фарабидің пікірінше, жан
болмыстың төртінші сатысы. Ж. ту-
ралы мәселелер, оның «даналық таң-
ба тастар және мәселелердің мәні»
деген трактаттарында айтылады. Адам-
ның жанында әртүрлі қабілеттер не-
месе күштер болады.
Негізгі күштерге «Қуат беруші күш»,
«Түйсіктендіруші күш», «Елестетуші
күш», «Парасатты немесе ойлаушы
күш», «Қозғаушы күш», «Талпынушы
немесе талпындырушы күш» т.б. бо-
лады. әл-Фараби дене мүшелерінде
болып жататын белгілі бір материалды
құбылыстармен байланыстыра қа-
райды. Жанның ақылға қонымды жа-
ғы туралы «Екінші ұстаз – әл-Фара-
бидің» «интеллект» сөзінің мағына-
сы туралы пайымдауларында айқын
баяндалды. Ол елестетуші күштің түс
көруге әсерін ашып, бұған байланыс-
ты аян беруді шын түс деп түсінеді.
Осы заманғы психология түс көруді
әдеттегі психикалық әрекеттің ерек-
ше бір ұйқы кезіндегі жалғасы дей-
ді. Ғылыми психологияда Ж-ды кей-
де психика ұғымының синонимі ре-
тінде де қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: