198
айтылмаған. Халқымыз әсіресе, са-
бырлылықты ерекше қастерлеген.
«Сабыр түбі – сары алтын», «Сабыр-
лы жетер мұратқа», «Сабырсыз қа-
лар ұятқа», «Сабыр – ақыл серігі», т.б.
Осы тәріздес мақалдарда сабырлы-
лық адамның күш-жігерін құр босқа
рәсуа етпей, түпкілікті мақсатына жет-
кізетін ерік сапасы екендігі айтыла-
ды. Сабыр – ақылдың, күшті қа-
жыр-қайраттың жан серігі, сенімді
көмекшісі. Сабырлы адам әркез те-
рең ойланып, іс тетігін аңғара, әре-
кет етеді. Нәтижелі еңбек ету, жұрт-
пен дұрыс қарым-қатынас жасау,
кең де, орамды ойлай алу – бәрі де
сабырлылыққа соқпай кетпейді. Са-
бырсыздық, жеңілтектік – әрі нашар,
әрі қораш сипат. Мұндайлар туралы
халық: «Ер жігітті өкіндіретін де,
абыройын кетіретін де жеңілтектік»,
«Асығыс түбі – қып-қызыл шоқ»,
«Асыққанның асығы таяр», «Ойнақ-
таған бота от басар», «Әр толмақта
бір нарық бар, желіккен тез арық-
тар», «Сабырлы ойлаған саспай жа-
уап берер», «Жалықпаған жау же-
ңеді», «Асықпаған арбамен қоян ала-
ды», дейді. Халық даналығы қай-
ратты адамдарды да жұртқа үлгі ете-
ді: «Қайғыны қайратты жеңер»,
«Ерінбеген емер, қажымаған жеңер»,
«Қайратыңа әдісіңді жолдас ет», деп
халық ерік-жігердің осынау тамаша
сапасын жас ұрпақтың бойына мық-
тап дарыту қажет екенін еске сала-
ды. Бұл жерде ұлы Абайдың да ерік-
жігер, қайрат-қажыр секілді сапаны
ерекше қастерлеп, тебірене толғаға-
ны еске түседі. Үш-ақ нәрсе адам-
ның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы
ақыл, жылы жүрек, деп тебіренген
ғой кемеңгер ақын бір кезде. Қажыр-
қайраттылық пен жігерлілік – жігіт
адамның тамаша сапасы болса, жі-
герсіздік – барып тұрған ездік қа-
сиет. Халқымыз әр кез жігерсіз жан-
дарды жеріне жеткізе, шенеп-мінеп
отырған. «Жасқаншақ – жасық сем-
сер», «Табансыздық сөзінің тайғана-
уы көп болар», «Қорғалақ жан – жар-
ты жан», «Езден без», «Ердің ісі ке-
ліс, ездің ісі керіс» деген мақалдарда
осындай адамдардың нанымсыз ке-
летіні, сөзі мен ісі бір жерден шық-
пайтыны айтылады. Енді бір ма-
қалдарда талапты, алдына айқын мақ-
сат қойып, оны орындап отыратын
адамдар жұртқа үлгі етіледі. Мәсе-
лен, «Талапты өсіретін – талап», «Та-
лап – талмас қанат», «Талаптың жолы
тастан да ауыр», «Адам талабымен
ұшады, құс қанатымен ұшады», «Та-
лаптымен таласпа», «Талапты бала
талпынған құстай, құмары қанбас
аспанға ұшпай», деп, талап адамның
мақсатына, арманына жеткізетін не-
гізгі қанаты екенін дұрыс тұжырым-
дайды.
Алдағы асуға, асыл арманға ұмтылу-
да қайрат, талаппен бірге тәуекел-
ділік те аса қажет. Белгілі бір сәттер-
де ұлы мақсат үшін тәуекелге бел
байлап, жаныңды пида етуге де ту-
ра келеді. «Тәуекел тау жығады»,
«Тәуекел ет те тас жұт», «Тәуекелшіл
тайынбайды», дейді халқымыз. Бірақ
тәуекелдің де тәуекелі бар, Құр бос-
қа ұрда жық, көзсіз ерліктің адамға
опа бермейтіні хақ. Ойланған, әлде-
неше рет өлшенген тәуекел ғана ер
жігітке жарасымды сипат («Жоспар-
сыз тәуекелдің жазымы көп», «Шама-
сыз батырлық – шарасыз өлім»).
Халық ұқыпты, жинақы, пысық, шы-
мыр адамдарды ерекше қадір тұт-
Достарыңызбен бөлісу: