Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет3/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   877
АББРЕВИАТУРА    шартты  қыс- 

қартылған  сөздер,  мысалы:  т.т.  – 



тағысын тағылар; т.б. – тағы бас- 

қалар; т.с.с. – тағы сол сияқтылар. 

қысқартылған  атаулар;  мысалы:  пс. 



ғ.к. – психология ғылымдарының кан- 

дидатыпс.ғ.д. – психология ғылым- 

дарының докторып.ғ.к. – педагоги- 

ка ғылымдарының кандидаты; п.ғ.д. – 

педагогика  ғылымдарының  докто- 

ры; х.ғ.к. – химия ғылымдарының кан- 

дидаты; х.ғ.д. –  химия ғылымдары- 

ның докторы; Ж.ж.ж. – жоғары жүй- 

ке жүйесі.

АБДИКАЦИЯ  –  лауазымдықтан, 

басшылықтан  безу,  іс-әрекет  жүйе- 

сінде  белгілі  бір  әлеуметтік-психо- 

логиялық статусқа бейімделіп қалу.

АБЕРРАЦИЯ  (лат. aberratio – қаз. 

қашу, аулақ болу, алжасу) – тұрақты 

қалыптан ауытқу; ағзаның дағдылы 

қалыптан  ауытқуы.  Көздің  оптика- 

лық жүйесінің нәрсені күңгірт бейне- 

леуін түсіндіруде қолданылады. Жа- 

рық сәулесінің линзадан шағылысып 

өткенде бір нүктеде қиылыспай, бұр- 

маланған  кескінді  көрсетуден  тұра- 

тын құбылыс. Сфералық және хрома- 

тикалық А. болады: Сфералық А. жағ- 

дайында  жарық  сәулелері  линзаның 

перифериялық нүктелері арқылы өт- 

кенде,  оның  ол  нақ  орталық  бөлігі- 

нен  өткен  сәулелерге  қарағанда  жа- 

қын бipiгеді. Хроматикалық А. жағда- 

йында спектрдің қысқа толқынды сәу- 

лелерінің  (әcipece,  көк  күлгін  түсті) 

фокусы ұзын толқынды сәулелерінің 

(қызғылт,  сары-қызғылт)  фокусына 

жақын  орналасқан.  А.-ның  түйсіну 

мен қабылдау процестеріне әсері бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет