8
де, шешімді қабылдай алмауы және
әрекетті дұрыс жасай алмауында кө-
рініс табады. А. тәрбиенің дұрыс
болмауынан қалыптасатын ерік-жі-
герсіздік сияқты мінез бітісінен ажы-
рату қажет, себебі ондай тұлғалық
қасиет өзін-өзі реттеуді жүзеге асыру
арқылы қайта шынықтыруға келеді.
Психопатологияда терең дәрежедегі
олигофрения жағдайында кездесетін
туа біткен А. және мидың маңдай
бөліктерінің қатты зақымдануының
немесе психикалық аурудың ауыр
түрлерінің (депрессия, шизофрения,
психоздар, наркоманияның асқынған
түрлері және т.б.) нәтижесі болып та-
былатын А. болады.
АБЫРЖУ – адамның қарапайым
сезімдерінің жағымсыз бір түрі. Бұл
түрлі үрейге бірден сене кететін, ерік-
жігері осал, өзінің жан дүниесін дұ-
рыс басқара алмайтын, білімі де, өмір
тәжірибесі де кемшін адам. Мұндай-
лардың жүйке қызметі де баяу, көбін-
де тежелуінен қозуы басым келетін
индивид.
Достарыңызбен бөлісу: