Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет307/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   877
ЖАУАПКЕРШІЛІК  –  адамның 

белгілі бір іске, тапсырылған міндет- 

ке жауапкершілікпен қарап, оны қа- 

лай да орындап, жүзеге асырып оты- 

ратын адамгершілік қасиеттің көріні- 

сі. Ж. біріншіден, адамның міндетті 

ісін орындап шығу үшін сол жұмыс- 

тың  мән-жайын  жете  түсініп,  үнемі 

мезгілінде  атқарудың  әдіс-тәсілін 

қарастырады. Екіншіден, орындаған 

ісінің өзі мен өзгелерге нендей нәти- 

же беретінін айқын аңғарып, көпші- 

лікке, қауымға тигізетін пайдасын ой- 

ластырып, азаматтық борышын орын- 

дайды.  Үшіншіден,  жеке  басы  мен 

қоғам  алдында  атқарған  еңбегінің 

жемісті  екеніне  көзі  жетіп,  барлық 

қажеттіліктерді  қанағаттандырудың 

негізі  еңбек  екендігін  терең  ұғына- 

тын болады.

Сөйтіп,  қоғам  алдында  азаматтық 

борышын атқаруымен бірге, өз басы- 

на жүктелген жауапкершілікті орын- 

дап  шығу  кісілік  беделді  қалыптас- 

тырып, іскерлікті шыңдайды. Ж. адам- 

ның  міндетті  істі  атқаруымен  бірге, 

оның  мінезіндегі  ерік-жігерін,  қай- 

раттылығы  мен  табандылығын  көр- 

сететін  ерік  сапалары  болып  сана- 

лады.  Жүктелген  міндетіне  жауап- 

кершілікпен  қарайтын  адам  туған-

туыстарына,  жора-жолдастарына, 

ұжымдағы  қызметтес  құрбыларына, 

жалпы  әлеумет  алдында  беделді 

кісі деп бағаланып, оның абыройын 

үнемі  көтермелеп,  жауапкершілігі 

күрделі істерді атқаруға сенім артып 

отырады.


Ж-тің  кері  ұнамсыз  жағы  –  жауап- 

сыздық.  Жауапсыздық  міндетті  іске 

салқын  қарап,  жүктелген  міндетті 

орындамайды.  Ондай  адам  қоғам 

алдында абырой-беделге ие бола ал- 

майды. Атқарған жұмысында сенім- 

сіздік  тудырып,  ісінің  шала-шар- 

пылығын бетіне кінә етіп тағады. Жа- 

уапкершілік  тек  мінезде  ғана  емес, 

сондай-ақ  сезімдерде,  қабылдаулар- 

да,  саналауда,  қатынастарда,  мінез-

құлықтың  әртүрлі  формаларында 

көрініс  табады.  Ж.-тің  негізгі  белгі- 

лері ретінде тұлғаның өз міндеттерін 

атқарудағы  тиянақтылығын,  өз  ісі- 

не  адалдығын,  сондай-ақ  өз  әрекет- 

терінің  салдарына  жауап  беруге  да- 

йындығын,  шыншылдығын,  әділді- 

гін,  ұстанымдылығын  айтуға  бола- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет