213
шілдікке салынып, дөрекілік мінез
де көрсетіп қояды. Бұлардың «үлкен
кісі» болып көрінуі кейде қате, жал-
ған жолмен кетуі де мүмкін (мәсе-
лен, кейбір осындай балалардың шы-
лым тартуы, үлкендермен қарсыла-
суы т.б.).
Мектеп пен отбасында жасөспірім-
дерге тиянақты тәрбие берілуі тиіс.
Олардың ересек болуға ұмтылуын
ретті жерде қолдап, кейбір балалық
эмоцияларын ар-намыс, абырой, бо-
рыш, ұят, жауапкершілік секілді жо-
ғары сезімдерге айналдырып отыру
керек. Жасөспірімдердің дербестілік-
ке ұмтылуын да қолдап, мінез бен
ерік сапаларының ұнамды бітісте-
рін қалыптастыруға жәрдемдесіп, бұ-
ларды құр босқа қиқарлықтан, желөк-
пеліктен ажыратып отыру қажет.
Әрбір мұғалім, әсіресе сынып жетек-
шілері жасөспірімдердің жеке ерекше-
ліктеріне тән бейімділіктеріне қарай
оларды түрлі қоғам жұмыстарына
тартып, қоғамдық пайдалы еңбекке
қызу араластырып отырғаны мақұл.
Бұл жастағы балалардың оқу әрекетін
еңбекпен дұрыс ұштастыру арқылы
ғана оларды еңбексүйгіштікке, тәртіп-
тілікке, талапкерлікке, ұжымдыққа т.б.
қасиеттерге тәрбиелеуге болады.
Жасөспірімдердің аяқ-қолдарының
тездетіле өсуі, бұлшық еттерінің қа-
таюы олардың дене еңбегіне құмар-
туларын тудырады, яғни бала жалпы
еңбек энтузиазымының әсеріне оңай
елігіп, ұжым арасында бар ықыла-
сымен жұмыс істейді. Осы жаста-
ғылардан өз шамасын асыра баға-
лайтын, сондай-ақ әркез үлкендермен
парапар әрекеттенуге тырысатын
жайттарды жиі байқауға болады.
М.Горький «Кісі есігінде» атты шығар-
масында бұл жөнінде былай деген еді:
«Кейде жеткіншектер ақымақтықпен
жігіттік көрсетем деп, ересек адам-
дардың күшін күндеп, өздерінің бұл-
шық еттері мен сүйектеріне тым ауыр
келетін жүктерді көтеруге тырысады
және көтереді де... Мен де осылар-
дың бәрін өз мағынасында дене
күшімен де, рухани да істедім. Сөйтіп
тек қана кездейсоқ жағдайлар себеп-
ті өлімге соғатын шалдығудан сақ
қалып, бүкіл өмір бойына мүгедек
боп қалмадым». Жасөспірімдердің іс-
әрекет үстінде тез қимылдаймын деп
осылайша босқа шаршап қалатын-
дықтарын ескеріп отырмаса болмайды.
Ортаңғы сынып оқушыларының ара-
сында көркем әдебиет, спорт, шах-
мат, техникамен шамадан тыс көп
әуестенушілік кейде сабақ үлгірімін
төмендетуге себепкер болады. Тәр-
биешілер, осындай бір жақты шұғыл-
данушылыққа жол бермей, оларға
ақыл-ой және дене еңбегін қалайша
тиімді етіп пайдалануға болатынды-
ғын, сондай-ақ қол бос уақытты дұ-
рыс пайдалану керектігі жөнінде
ақылға қонымды кеңестер айтып оты-
руы өте қажет жайт.
Осы жастағы балалардың қызығуы
мен әуестенушілігі де күшті болады.
Әсіресе олар көркем әдебиетке, сая-
си-қоғамдық мәселелерге, саяхат, фан-
тастикаға әуес келеді, шытырман оқи-
ғаға толы, қиыншылықты жеңуде
өзін-өзі тәрбиелеуде түрткі болатын
кітаптарды көп оқиды.
Жасөспірімдердің психикалық про-
цестері дамып, күрделене түседі. Ой-
лауында заттардың себеп-салдарлық
байланыстарын ажырататын көрініс-
тер, абстрактілі ұғымдар, еске сақ-
тауында логикалық-мағыналық прин-
Достарыңызбен бөлісу: