ЖИЕНБЕТ БОРТАҒАШҰЛЫ –
XVII ғасырдан бізге жеткен мұралар-
дың біразы Жиенбет есімімен байла-
нысып жатады. Оның шығармалары-
нан дербес билік құруды көксеген
сол заманның өктем тұлғасының үні
естіледі. Мәселен, оның інісі Жолым-
бетке айтқан толғауында өз басының
көңіл күйін, толғаныс-тебіреністе-
рін, арман-мұңын жырлайды.
Өмірінің соңғы жылдарында Жиен-
бет жырау ханның қуғынына ұшы-
рап, шет жерде жүрсе керек. Осы жайт
мына жолдардан жақсы аңғарыла-
ды: Азап шектім аралда, Қашырды
бүйтіп өлімнен, Қайырымсыз болған
хандарға, Тиер ме екен бір күні, Жол-
барыстай шеңгелім!
Жиенбет жырларынан да әртүрлі
моральдық психологиялық топшы-
лау – пайымдаулар, педагогикалық
түйіндер, яғни келер ұрпаққа тәлім
берер тамаша пікірлер де ұшыраса-
ды. Осы айтылғанға орай жырау тол-
ғауларындағы мына жолдарға бір
сәт назар аударып көрелікші: Менің
ерлігімді сұрасаң, Жолбарыс пенен
аюдай, Өрлігімді сұрасаң, Жылқы-
дағы асау тайындай, Зорлығымды
сұрасаң, Бекіре менен жайындай, Бе-
ріктігімді сұрасаң, Қарағай менен
қайыңдай...
Бұларда өз заманындағы жас жет-
кіншектерге жан-жақты жетілген, ел-
ге қорған болатын батырлардың өне-
ге, үлгісі суреттеледі. Айлар, жылдар
бойы шыдамдылыққа, жүректілік-
ке, төзімділікке, қару-жарақты мең-
геруге баулу арқылы ғана жас ұрпақ-
ты ел қорғаны етіп тәрбиелеуге бо-
лады. Жырау жастарды өзі секілді
жауынгер, ер тұлғалы болуға шақы-
рады. Мәселен, Жиенбет толғауын-
дағы: «Менің ер екенімді көргенсің»,
«Сенсіз де күнім көрермін», «Қайра-
тым қанша қайтса да, мұныңа ханым
шыдаман», «Жолбарыстай Жолым-
бет», «Бас кессе де басылмай, ақ ісім-
ді жасырмай», – деген жолдарда ер-
Достарыңызбен бөлісу: |