Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет314/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЖИІР

ЖОҒА


219

қалыпта  жүзеге  асып  отырады  да, 

ми  сыртқы  дүниенің  заттары  мен 

құбылыстарын  дұрыс  бейнелейтін 

болады.

ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ҚЫзМЕТІНІҢ 

ТИПІ  – жүйке жүйесінің комплекті 

түрдегі  тұрақты  қызметі.  Мұндай 

қызмет жоғары жүйке қызметінің си- 

паттары  мен  қасиеттерін  білдіреді. 

Ондай қасиеттер адамның әлеуметтік 

ортада  атқаратын  жұмысы  мен  іс-

әрекетіне байланысты жаңа сапалар- 

ға ие болады. Жоғары жүйке қызме- 

тінің  типтері  мен  сипаттары  адам 

мінезінің  физиологиялық  негізі  бо- 

лып табылады.

ЖОҒАРЫ  СЕзІМДЕР  –  адамның 

қажеттіліктерімен  және  оны  қа- 

нағаттандыру мүмкіндіктерімен бай- 

ланысты.  Қажеттіліктердің  сипаты- 

на  байланысты  жай  және  жоғары 

сезімдер  деп  бөлінеді.  Жай  сезім- 

дерге белгілі бір физиологиялық қа- 

жеттіліктерді қанағаттандыру немесе 

қанағаттандырмаумен  байланысты 

сезімдерді  жатқызамыз.  Мысалы, 

аштық,  шөлдеу,  тою,  жүрегі  айну 

сияқты  эмоциялық  жағдайлармен 

байланысты  сезімдер  жатады.  Жай 

сезімдердің ерекше биологиялық мә- 

ні зор.

Олар  бас  ми  алабына  дене  жағда- 

йы  туралы  сигналдарды  жеткізіп 

отырады:  денсаулығы  немесе  ауру- 

лығы,  қарапайым  қажеттіліктерді 

қанағаттандыру  немесе  қанағаттан- 

дырмау  туралы.  Жоғары  сезімдер 

адамның  рухани  дүниесін  білдіреді 

және  оны  жеке  тұлға  анықтайды. 

Жоғары сезімдер рухани қажеттілік- 

терді қанағаттандыру немесе қанағат- 

тандырмау  негізінде  пайда  болады. 

Жоғары  сезімдер  анық  байқалатын 

қоғамдық сипатта болады және адам- 

ның  қоғамдық  өмірдің  әртүрлі  жақ- 

тары  мен  құбылыстарына  қатына- 

сын білдіреді (моралдік, интелектуал- 

дік  және  эстетикалық).  Жоғары  се- 

зімдердің  мазмұны,  олардың  бағыт- 

тылығы  адамның  көзқарасымен, 

адамгершілік  мінез-құлық  ережеле- 

рімен және эстетикалық бағалаулар- 

мен  анықталады.  Жоғары  сезімдер 

адамгершілік, эстетикалық және ин- 

теллектуалдық болып бөлінеді. Адам- 

гершілік  сезімдер  –  қоғамдық  өмір- 

дің талабына сәйкес көрінетін адам- 

ның  жоғарғы  сезімдерінің  бір  түрі. 

Бұлардың мазмұны да, құрылымы да 

өте күрделі.

Мұндай сезімдер тобына жолдастық, 

достық, махаббат, адамдық, шыншыл- 

дық, ар-намыс, борыш, жауапкерші- 

лік, елжандылық, ұят, ұлттық мақта- 

ныш,  қазақстандық  патриотизм  т.б. 

жатады. Адамгершілік (моралдік) се- 

зімдер дегеніміз дүниедегі құбылыс- 

тарды қабылдауда адамдардың көңіл 

күйі және бұл құбылыстарды қоғам- 

ның  қалыптасқан  ережелерімен  са- 

лыстыруды айтады. Бұл сезімдердің 

байқалуы көрсеткендей, адамдар адам- 

гершілік  талаптар  мен  ережелерді 

меңгереді. Адамгершілік талаптар қо- 

ғамның тарихи дамуының үрдісінде 

оның  дәстүрлеріне,  салтына,  дініне, 

идеологиясына және т.б. байланысты 

қалыптасады және өзгеріп отырады. 

Мысалы, ар-намысты қорғау, көбіне- 

се  қайсар,  өжет,  табанды,  көздеген 

мақсатына жетпей тынбайтын адам- 

дарда жиі байқалады.

Адамның  өмір  сүріп  отырған  қоға- 

мы, оның нақтылы іс-әрекеті морал- 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет