Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет323/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЖҮЙЕЛЕУ  –  ретімен  тұтастықты 

құрайтын элементтердің жиынтығы, 

ойлау  операцияларының  бірі.  Ж-дің 

белгілері: екеуден шексіздікке дейін- 

гі құрылымы; элементтердің қатына- 

сы;  жүйелілікті  түзуші  факторлар- 

дың  тұтастық  байланысы.  Психоло- 

гиялық жүйенің компоненттері мақ- 

саттар, үрдістер, жағдаяттардан тұра- 

ды. Ж. – жалпылау арқылы шындық- 

тағы заттар мен құбылыстарды бел- 

гілі  бір  принципке  орналастырудан 

тұратын  ойлау  операциясы.  Ж-дің 

жоғары  түрі  топтастыру  (классифи- 

кациялау).  Жүйелі  талдау  –  құбы- 

лыстар  мен  объектілерді,  әр  түрлі 

құрылымдарды  бөліп  көрсету  арқы- 

лы,  оның  тұтастығын  көрсету  тәсі- 

лін іздестіру.

ЖҮЙКЕ  ЖҮЙЕСІ  –  организмнің 

сыртқы ортамен байланысын жүзеге 

асырып отырады, айналадан келетін 

тітіркендіргіштерге  жауап  қайыра- 

ды.  Бұлармен  қатар  жүйке  жүйесі 

түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, 

клеткалардың  қызметін,  зат  алмасу 

мен қан айналысын басқарып, сырт- 

қы ортаның үнемі өзгеріп отыратын 

жағдайларына  оларды  бейімдеп, 

үйлестіріп  отырады.  Жүйке  жүйесі 

нейрон деп аталатын жеке клеткалар- 

дан  құралған.  Бұл  нейрондардың 

әрқайсысының екі түрлі тармағы бо- 

лады. Олардың бірі – ұзын тармақты 

нейрит (немесе аксон), ал екіншісі – 

көптеген қысқа тармақты дендрит деп 

аталынады. Нейрондардың тарамдала 

келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін 

жүйке  орталықтары  дейді.  Бұлар 

орталық перифериялық (шеткі) және 

вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің 

өнебойына  орналасқан.  Орталық 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет