232
тер адамның мінез-құлқындағы тір-
шілік жағдайы мен өмір тәжірибесін-
де қалыптасатын сипаттар. Ондай
сипаттар белгілі жағдайлар мен адам-
дар арасындағы қарым-қатынаста әр-
қилы мән-мағынада қабылданып,
түрліше бағалануы мүмкін. Дегенмен
мінездегі Ж. көпшілік жағдайда
ұнамсыз қасиет деп бағаланады.
ЖІКШІЛДІК – елді екі бөліп бүл-
дірушілік. Ж. – ел мен жұртты,
адамдардың ұжымы мен тобын бірі-
не-бірін қарсы қойып, елдің береке-
тін кетіретін аздырушылық әрекет.
Ж. халықтың, елдің ынтымағы мен
бірлігін ыдыратады, жікке бөліп
өзара шатастыруға әкеп соқтырады.
Ж-ті ұйымдастырушы адам мансап
іздеп, өз басының мүддесін ойлайтын,
менмен әрі азғын, залым адам деп
саналады. Ондайлар ел ішінде бүлік,
дау-жанжал да тудырады. Ж. халық-
ты, елді жақ-жақ болып бөлектеніп
істеген істері мен мақсат-мүдделерін
жүзеге асыруда бей-берекет жағдай-
ға душар етеді. Ж.-тің әлеуметтік өмір-
дегі көріністері түрліше. Рушылдық
пен жерлестік, жүзге бөлініп ыдырау.
зАЛЫМДЫҚ – мінездегі рақым-
сыздық, мейірімсіздік, жауыздық,
арамниеттілік, қарапейілділік, қас-
көйлік дейтін ерекшеліктер. Мұндай
ерекшеліктердің кез келген түрі адам-
ға қастандық әрекеті арқылы көрініс
беріп, адал ниетті қарапайым көпші-
ліктің жек көруі мен қарғыс айту
сезімін оятады. З-тағы рақымсыздық,
мейірімсіздік пен қаталдықты,
тасбауырлық пен қайырымсыздықты
білдіретін мінездегі жексұрын қы-
лықтар. «Абай Алшынбайға да іш-
тей, көңілі жылы тартқандай болды.
Түсі суық рақымсыз жаулықтың енді
беті ашылып татулыққа айналғанын
Абай «Үһ» деп, күрсіне сүйсініп қа-
былдап еді (Әуезов)». З-тағы мейі-
рімсіздік тірі жанға жаны ашымай-
тын қатыгездік.
«Арман қып жырламай ма махаббат-
ты. Өзі ұзақ тойдырмайтын болса тәт-
ті. Жалғыз-ақ махаббатты танымай-
тын, Мейірімсіз жандар жоқ па тас-
тан қатты (Байзақов)». Жауыздық та –
З. Жауыздық қастық. Қаныпезерлік
пен зиянкестік. «Отанға опасыздық
ету... – барып тұрған жауыздық».
Арамниеттілік – залымдықтың бір
Достарыңызбен бөлісу: