237
ғу, жұмысты бірнеше сағат бойы
жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік
береді. Адам соншалық ерік-жігермен
зейін салып жұмыс істеген жағдай-
да да оқтын-оқтын ойы бөлініп, басқа
бір затқа ауып отырады. Осылайша
зейіннің бірде әлсіздене, бірде күше-
йіп тұруын зейіннің толқуы дейді.
Толқу – зейіннің табиғи қасиеттері-
нің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кі-
тап оқыған адам да анда-санда бөтен
ойға түседі, басын көтеріп жан-жа-
ғына қарайды. Зейіннің мұндай тол-
қуы, әрине, адамның көңіл аударған
нәрсесіне ойының бөлінуіне, зейінін
тұрақтатуына бөгет болмайды. Кейбір
адамдардың зейіні толқымалы келе-
ді. Бұған сыртқы тітіркендіргіштер,
эмоциялық әсерлер, сондай-ақ адам-
ның өз еркін билей алмауы себеп
болады.
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке
жеткілікті жұмылдыру үшін, әсіре-
се, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып
кетпеуін қадағалау керек.
Бұл көп күш жұмсауды қажет ете-
ді. Зейінді алаңдататын әр түрлі ті-
тіркендіргіштерге қарсы күресу қа-
жетті шаралардың бастысы. Мәселен,
ысқырған дауыс, қоңыраудың сыл-
дыры, сырнай-керней т.б. адамның
тынышын кетіреді. Зейінін жақсы
ұйымдастыра алатын адамдар осын-
дай жағдайда да жұмысты тез және
сапалы орындайтыны байқалады.
Адамды алаңдататын нәрселер көп
болғанмен, олардың барлығы да ке-
сел тигізе бермейді. Мәселен, маши-
наның гүрілі, музыканың әуені зейін-
ді аударатын тітіркендіргіш болған-
мен, оларға шыдап отыра беруге
болады. Ал қасындағы адамның ай-
қай-шуы, реніш т.б. адамды күштірек
алаңдатып, жұмыс істетпейді. Әри-
не, бұларды жоюдың мүмкіндігі
болмаса, оған көңіл аудармай, са-
бырлылықпен жұмыс істей беруге
болады. Әрине, бұған ерік-жігер
қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде
жұмыс істей алушылық – адамның
жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен,
орыстың атақты жазушысы А.П.Че-
хов жас кезінде көп әңгімелерін ойын-
күлкі, той-думан үстінде жазса, ал
Мусоргский мен Бородин өздерінің
опералық шығармаларын қонақта
отырып-ақ жаза беретін болған. Қан-
дай жағдайда да адам зейінге кедергі
келтіретін нәрселерді жеңе алатын
болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде оты-
рып жұмыс істеуді ұнататын адам-
дар да өзін ыңғайсыз жағдайларға
төселттіріп, кез келген жағдайда жұ-
мыс істей алатындай қабілетке ие
болуы тиіс.
2. Зейіннің аударылуы. Зейіннің ау-
дарылуы деп бір объектіден екінші
объектіге назарымызды көшіруді ай-
тады. Физиологиялық тұрғыдан ми-
дағы оптималдық қозудың ауысуы.
Зейінді тез аудара білу қабілеті көбі-
несе жүйке процестерінің өзгерме-
лілігіне байланысты. Кейбір адамдар
бір жұмыстың түрінен екінші бір
жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып
жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді.
Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрі-
нісі. Екінші біреудің зейіні, керісін-
ше, басқа объектіге қиындықпен ауы-
сады. Зейінді тез аудара білу көл-
денеңнен кез келген әсерлерге кідіру-
сіз жауап беруде аса қажет. Мәселен,
машинистерде зейінді тез аудара бі-
лу қасиеті жөнді жетілмеген болса,
Достарыңызбен бөлісу: