Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет340/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

зЕЙІ

зЕЙІ


240

лықтың  кемшілігі  –  зейіннің  көлемі 

өте тар және икемсіз келетіндігінен. 

зЕЛАНД  НИКОЛАЙ  ЛЬВОВИЧ 

(1833-1902)  –  Петербургтың  Әске- 

ри-медицина  академиясын  бітір- 

геннен  кейін,  1859  жылдан  бастап 

Қазақстанның түрлі аймағында қыз- 

метте  болады.  1882-1888  жылдары 

Орынбордағы әскери госпиталда ор- 

динатор,  Түркістан  өлкесінде  сол 

кездері  шығып  тұрған  «Степной 

Край» (Дала өлкесі) газетінде әртүр- 

лі  мақалалары  (санитария,  гигиена 

т.б.)  тақырыптарда  мақалалары  жа- 

рияланып  тұрған.  Жетісуда  облыс- 

тық  дәрігер,  ал  1888-1896  жылда- 

ры  –  Түркістан  өлкелік  әскери-ме- 

дицина  инспекторының  көмекшісі. 

Н.Л.Зеланд  –  медицина,  антрополо- 

гия  саласындағы  еңбектердің  авто- 

ры.  «Қырғыздар»  (Қазақтар)  атты 

очеркінде  (Омбы,  1885)  адамның 

табиғи  қасиеттерінің  антропология- 

лық,  темпераменттік  ерекшелікте- 

рінің  ақыл-ой  дамуына  тигізетін 

ықпалын көрсетеді, қазақ халқының 

мінез-құлқын зерттеп, көшпенділер- 

ді сангвиник темпераментіне жатқы- 

зады.  Аталмыш  еңбек  қазақ  халқы- 

ның  психологиялық  ерекшеліктері 

туралы  орыс  тіліндегі  тұңғыш  зерт- 

теу болып табылады. Төменде Н.Л.Зе- 

ландтың қазақ мінезі туралы жазған 

еңбегінен шағын үзінді келтіріп отыр- 

мыз.  ...Ресей  мен  Батыс  Европада 

күллі қырғыз халқын осылайша атай- 

тыны  белгілі,  солай  бола  тұрса  да 

бұл орайда қырғыз – қайсақ пен жа- 

байы  тау  қырғызының  айырмасы 

бар.  Сонымен  бірге  қырғыз  атауы 

тура  мағынасында  тек  соңғыларына 

қатысты;  барлық  басқа  қырғыздар 

өздерін қазақпыз деп атайды...

Жаңа  туған  сәбиді  шомылдырып, 

жаялыққа орап құндақтайды, бесікке 

бөлейді.  Бесіктің  тұрқы  сопақша, 

төрт аяқты келеді. Бүйір шабақтары 

арасындағы  кеңістік  тақтайшалар- 

мен қиюластырылып жіпке керіледі, 

оған  киіз  төселеді,  түбекке  арнап 

ойық  жасалады.  Нәрестені  бесікке 

жатқызған соң, құймышағын түбекке 

келтіре,  бесік  баумен  байлап,  үстін 

көрпешемен  жабады.  Көшіп-қону 

кезінде  оңтайлы  болу  үшін  бесіктің 

арқалығы  мен  табанына  құрсау  са- 

лынады да, сәбидің кеудесі мен аяғы 

қатты  байланып,  ол  қимылдамай 

жатады, тіпті емізу үшін де бесіктен 

алынбайды...  Жаңа  туған  балаға  бе- 

сінші күні азан шақырылып, ат қойы- 

лады, бұл жол-жора кезінде босанған 

әйел  жұбайының  қошеметіне  бөле- 

неді, дастарқан жайылып, табақ тар- 

тылады,  бұл  кәдуілгі  христиандық 

шоқындыру ырымы іспеттес дәстүр. 

Сәби  үш  жасқа  дейін,  кейде  тіпті 

тіпті  бұдан  да  ұзақ  кезеңде  емшек 

баласы аталады. Оны 5 жасқа толған- 

да  сүндетке  отырғызады.  ...  Қазақ 

балажан  келеді.  Баланы  олар  жы- 

лышырай  танытып,  еркелетіп  өсіре- 

ді.  Бала  жазда  көбінесе  жалаңаш 

жүреді,  жастайынан  ат  жалын  тар- 

тып  мініп,  оның  құлағымен  ойнап 

өседі. ...Қазақ – қызу қанды жан. Оның 

рухына  жайсаңдық,  ізгілік  тән,  ол  

ылғи да жайдары жүреді, жалпы сер- 

гек әрі еліктегіш келеді, алайда «жүй- 

кесі»  көнбісті,  ашушаңдыққа  бара 

бермейді.  Оның  қызу  қанды  болуы- 

ның  себебі  бәлкім,  көшпелілердің 

өмір салтынан да болса керек. Қозға- 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет