ИАССАУИ ҚОЖА АХМЕТ (XII ғ.) –
қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы-
ның көне Испиджаб, қазіргі Сайрам
жерінде дүниеге келген, алғашқыда
ғылым-білімді жергілікті ғұлама шай-
қы Арыстан бабадан алады, есейе
келе Бұхарадағы Жүсіп Хамадани-
дан сопылық білімін тереңдетіп, со-
пы ретінде Иассы (Түркістан) қала-
сына келіп, «Иассауишілік» діни та-
қуалы ағымның негізін салады. Қазақ
жерінің орта ғасырлық мәдениетінің
дамуында Иассауи жазған «Диуани
Хикмет» («Даналық кітабы») елеулі
орын алады. Бұл оғыз-қыпшақ тілін-
де сол кездегі көпшілік бұхара халық-
қа түсінікті тілмен жазылған шығар-
ма. Кезінде Орта Азиядан бастап Еділ
жағалауына дейінгі көшпелі түркі
тайпаларының арасына кең тараған.
Мұнда өлеңмен 149 хикмет берілген.
Иассауидің өсиеттерінің толық нұс-
қасы Қазан басылымы болып табы-
лады (1878). Ең ескі нұсқасы XV ға-
сырдың орта шенінде араб қарпімен
көшірілген. Жыр жолдарында оның
туған күнінен бастап алпыс үш жасқа
дейінгі өмір жолы баяндалады. «Ди-
уани Хикметте» діни-сопылық қағи-
Достарыңызбен бөлісу: |