Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет348/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ИБА

ИБНС


245

ИГЕРУ  –  индивидтің  қоғамдық-та- 

рихи  тәжірибе  алуының  негізгі  жо- 

лы.  И.  процесінде  адам  заттардың 

әлеуметтік  мәндерін  және  олармен 

іс-әрекет  жасау  әдістерін,  мінез-құ- 

лықтың адамгершілік негіздерін жә- 

не басқа адамдармен қарым-қатынас 

нысандарын меңгереді. Адамдық мі- 

нез-құлықтың  барлық  мазмұндық 

компоненттері  –  ынталандырушы-

түрткілік  және  операциялық  компо- 

ненттер игерілуге тиіс. Адами мате- 

риалдық және рухани мәдениет зат- 

тарының мән-мағынасын және олар- 

мен  іс-әрекет  жасаудың  амалдарын 

игеру  оқыту  процесінің  негізгі  ішкі 

мазмұны  болып  табылады.  Өнегелі- 

ліктің өзегі – мінез-құлықтың адам- 

гершілік  нормаларын  игеру.  И-де 

заттың, пәннің жаңа мағынасын анық- 

тау  жөніндегі  іс-қимылды  меңгеру 

көзделеді,  мұның  өзі  осы  іс-қимыл- 

ды  жүзеге  асыру  жағдайларын  бас- 

тапқы объективтендіруді (үлгі, құрал- 

дар,  орындау  жоспары  және  т.б.  тү- 

рінде) талап етеді.

Бұл  жағдайлар  анық  емес  түрде  де 

берілуі мүмкін (мыс., басқа адамдар- 

дың мінез-құлқына қамтылуы мүмкін). 

И-дің  пәрменділігі  –  оның  сапасы, 

беріктігі мен жылдамдығы – қалып- 

тасуға  тиісті  іс-қимылдың  бағдар- 

лаушылық  негізінің  толық  болуына, 

игерілетін мазмұнда қамтитын мате- 

риал типтерінің заттық, логикалық жә- 

не  психологиялық  әралуандылығы- 

на,  іс-қимылдың  қалыптасу  процес- 

терін  басқарылу  шамасына  тәуелді. 

Осы жағдайлардың жүзеге асырылуы 

жаңа мағынаның игерілуімен (ұғым- 

ның қалыптасуымен) қатар, осы ма- 

ғынаны қолдану жөніндегі толыққан- 

ды  іс-қимылдың  құралуына  жеткі- 

зеді. И-дің нәтижелерінің жаңа – іс-

қимылдардың,  ұғымдар  мен  мінез-

қүлық  нысандарының  –  бұдан  арғы 

тағдыры  көбінесе  игеруші  субъект 

үшін өзекті маңызы бар қарекет түр- 

лерінің құрылымындағы орнына бай- 

ланысты.


ИГІЛІК – 1) ізгі іс-әрекет пен жақ- 

сы  жұмыстың  мәнді  нәтижесі.  Игі 

әрекет жанұя үшін, ел үшін жасалады 

да, оның нәтижесі – И. деп аталады. 

Қазақ  халқының  Отандық  игілігі  – 

егемендік,  тәуелсіздік;  2)  әдеп  пен 

философияда  белгілі  бір  жағымды 

мағынасы  бардың  бәрі.  Ежелгі  за- 

манның  әдептік  ілімдерінде  әртүрлі 

ұғындырылды:  рақат  көру  немесе 

құмарлықты  тежеу,  парасатты  жа- 

ратылыстың  төменгісінен  үстемдігі 

мағынасындағы ізгілік және т.б. Пла- 

тонда  И.  болмыс  иерархиясындағы 

жоғарғы  басқышпен  ұқсастырылды. 

Аристотель  И-ті  денелік  (денсау- 

лық, күш және т.б.), сыртқы (байлық, 

ар,  даңқ  және  т.б.)  және  жандүние- 

лік  (ақыл  алғырлығы,  мінез  қайы- 

рымдылығы және т.б.) деп саралады.

Орта  ғасырлардағы  схоластикада  ең 

жоғары  И-тер  барлық  И-тердің  бас- 

тауы және адами тілек-армандардың 

түпкі  мақсаты  Құдай  атымен  бай- 

ланыстырылды. Жаңа замандағы еу- 

ропалық философияда нені болсын И. 

деп бағамдауда (адам неге ұмтылса, 

оған не қажет болса сол) субъекттің 

рөлі  баса  көрсетілді.  И-тің  енді  бір 

тұрғыдан ұғындырылуында оны ути- 

литарлық  пен  пайдалылыққа  саю 

болды. XIX ғасырдың ортасынан былай 

«игілік» ұғымын «құндылық» ұғымы 

біртіндеп ығыстырып шығарды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет