КОГНИТИВТІК ПСИХОЛОГИЯ –
қазіргі психологиядағы таным әре-
кеттерін зерттейтін жетекші бағыт-
тарының бірі. Әуел баста когнитив-
тік психологияның басты міндеті –
сенсорлық ақпараттың стимулдың
рецепторлық бетке түскен сәтінен
жауап алынғанға дейінгі өзгерулерін
зерттеу болды. К.п. бихевиоризм мен
психоанализді интеллектуалистік
немесе менталистік позициялардан
сынайтын барлық бағыттарды қам-
тиды. К.п. – білімдер негізінде адам-
ның қылықтарын түсіндіретін жә-
не сол білімдердің үрдістері мен қа-
лыптасу динамикасын зерттейтін пси-
хологиядағы зерттеу бағыттарының
бірі. Өзі және дүние туралы білім-
дері жөнінде дамыған танымдық үр-
дістер мен санаға байланысты адам
психологиясының бір бөлімі.
Достарыңызбен бөлісу: |