КОНТЕНТ-ТАЛДАУ – мәтіннің
және т.б. ақпарат иелерінің арнайы
сипаттамаларын анықтау және ба-
ғалау әдісі. К.-т. барысында зерттеу
мақсатына сәйкес мәтіндердегі ақпа-
раттың белгілі бір мағыналық бір-
ліктері мен түрлері шығарылады.
Мысалы: бұқаралық ақпараттағы
хабарландыру кейіпкерлерінің пси-
хологиялық сипаттамалары, өзара әре-
кеттесу түрлері, хабарландыру жанр-
лары және т.б. Содан кейін түрлі
мәтіндер жинағындағы немесе бас-
қа да ақпарат құралдарындағы осы
бірліктердің кездесу жиілігі мен кө-
лемінің жүйелі өлшемі жүзеге асады.
Контраст бойынша ассоциация –
Аристотельмен енгізілген ассоциа-
цияның түрі. Ол – санада пайда бол-
ған құбылыстың өткен шақта бекі-
тілген байланыстардың негізінде оған
қарама-қарсы, контрастілі бейнені
жаңғыртуы.
Достарыңызбен бөлісу: |