30
ның өзіне тән ерекшеліктерін бес
саусағындай білетін адамдар ғана ай-
та алады. Бұл халқымыздың тікелей
еңбек тәжірибесінің, мал шаруашы-
лығына орай қалыптасқан ұлттық пси-
хологиясының басты бір белгісі. Ақ-
тамберді толғауларында бұдан басқа
да тәрбиелік мәні бар ақыл-кеңестер
аз емес. Осы орайда жырау көтерген
мәселелерді топтастырсақ: бұларда
жалғыз жүріп мұратқа жете алмай-
сың, қайда болсаң да көппен бірге
көр; білімнен күшті ешнәрсе жоқ,
білімнен сусындау, оған ынтықтану,
адамның тіршіліктен көретін негізгі
ләззаттарының бірі («Білімді туған
жақсылар аз да болса көппен тең»,
«Білімді туған жақсыға залал қылмас
мың қарғыс»), өмірден күдер үзбеу,
келешекке үміт арту – ер жігітке тән
асыл қасиет («Үмітім бар ақырдан»,
«Орын тапқан ер жігіт жерсіз болар
деймісің»); ата-ананы дұрыстап сый-
лай алсаң намысыңа кір келтірмей,
мінезіңді тізгіндеп оны еркіне жі-
бермей жүрсең өз ісіңе ылғи да есеп
беріп, алдыңа таудай талап қойып,
тынбай әрекеттенсең ғана мақсат-
мұратыңа жете аласың деп түйіндей-
ді жырау («Әзір Мекке алдында, пе-
йіліңмен сыйласаң, атаң менен анаң-
ды», «Намысқа тиген кір кетпес», «Өз
мінін білген жігіттің тәлімінде мін бар
ма»). Ақтамберді жастарға ел-жұр-
тыңды жан-тәніңмен сүй, бір-бірің-
мен тату, ынтымақты бол, сонда ғана
ойлаған ойыңа, көздеген мақсатыңа
жете аласың деп салауатты кеңестер
береді («Бірлігіңнен айрылма, бірлік-
те бар қасиет, татулық болар береке,
қылмасын жұрт келеке»).
Жау қолынан азат етілген қазақ же-
ріне жұртты орнықтыру жолында
қарт жырау – ақын қажымай-талмай
қызмет етеді, өз қол астындағы елге
жер жыртқызады, егін салдырады.
Зерттеуші М.Мағауиннің айтуынша,
ол Шыңғыс, Аягөз, Қаракөл өңірінде
тоған қаздырған («Нашар қайтып
күн көрер егін салар құлқы жоқ, жо-
сып жүр әлі тоқтамай, мекен еткен
жұрты жоқ... Талпынып салдым
егінді»). «Бар арманым айтайын, Ба-
тырларша жорықта, Өлмедім оқтан
қайтейін, Ел аман болсын лайым», –
деп жырау жарық дүниеден кеткен-
ше үмітім бар ақырдан, деп ел бірлігін
ойлап бейбітшілікті тілеп, туған хал-
қының мұң-мұқтажын жоқтап, қабыр-
ғасы қайысқан адамның сыңайын бай-
қатады.
Достарыңызбен бөлісу: