Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет38/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

АКСИ

АҚКө


28

рі. Ақкөңіл адамның басқалармен қа- 

рым-қатынасына  ізгі  ниеттілік,  шы- 

найы  тілектестік,  ілтипаттылық  пен 

жайдары қабақ, жарқын жүзділік тән. 

«Ақкөңілдің аты арып, тоны тозбас» 

деген халық нақылында бұл тамаша 

адамгершілік қасиетке ие кісінің мі- 

нездемесі  дәл  де  нәзік  бейнеленген. 

Мұндай адамдар – баршаның ісі іл- 

гері бассын, көптің көңілі өссін, тө- 

ңірек  түгел  болып,  жұрттың  жүзіне 

жайдарылық  нұры  жайылсын  деп 

тілейді, соған өздерінің көңілі көнши- 

ді. Олар сұратпай-ақ, басқаға көмекте- 

суге әзір тұрады, басқаны көңілден- 

діруге, шаттандыруға, қиындықтан құт- 

қаруға  құмар.  Халық  ондай  адамды 

ақжүрек  кісі  деп  марапаттап,  құр- 

меттейді.



АҚНИЕТ – көңілі таза, пейілі ақ, адал 

адамның  мінезіндегі  құнды  қасиет. 

Ниет адамның ықылас-ынтасын біл- 

діретін психологиялық сипат. Ол адам- 

ның мінезімен, ерік-жігер, мақсат-мүд- 

десімен сабақтас. Халқымызда «Асы- 

ңа тойғызбасаң да ниетіңе тойғыз» дей- 

тін мақал осы жайтты білдіреді. Халық 

ашық-жарқын мінезді адамды құрмет 

тұтып, оған ізет көрсетіп отырған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет