Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет43/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   877
АҚТА

АҚЫЛ


31

де продуктивті, нәтижелі ойлау деген- 

мен тоқайласады. 

АҚЫЛДЫҢ  САПАЛАРЫ  –  ақыл- 

ды дамыту және тәрбиелеу үшін оның 

жеке сапаларын естен шығармау ке- 

рек. Ол сапалардың ішіндегі ең басты- 

лары мыналар: 

1. Ақылдың сыншылдығы, яки ой жұ- 

мысын қатты мінеп, сынай білу; бел- 

гіленген гипотезаларды не қуаттайтын, 

не  жоққа  шығаратын  дәлелдерді  әр 

жағынан аударыстыра қарап, ақыл та- 

разысынан өткізу керек. Ақылы сын- 

шыл емес адам мәселені шешуде ойы- 

на алғаш келгеннің бәрін тұжырым- 

ды  пікір  деп  қарауға  бейім  тұрады. 

Ақылдың  сыншылдығының  көрсет- 

кіші мыналар: адам өзінің болжаула- 

рын  қашан  да  сыннан  өткізілетін 

гипотеза деп қарауы керек; түрлі бол- 

жаулардың ішінен бұл сынды көтер- 

мейтін, лайықсыз деп танылғандары 

алынып тасталады: егер де мәселенің 

шартына  және  талабына  дәл  келме- 

гені байқалса, онда әрекеттен бас тар- 

ту  керек.  Сыншыл  ақыл  –  «қатал» 

тәртіпті ақыл.

Қиялы  бай,  жүйрік  адам  ақылының 

сыншылдық сапасын тәрбиелеуге ерек- 

ше көңіл бөлуі тиіс. Қиялдың байлы- 

ғы ойдың қатал тәртіптілігімен қосы- 

лып келсе, ол творчестволық қызмет- 

тің мықты тірегі болмақ. Егер қиялды 

сыншыл ой тәртіпке келтірмесе, онда 

адам жүзеге аспайтын, іс болып шық- 

пайтын  жоспарларға  салынып,  бос 

қиялшыл болып кетуі мүмкін.

2. Ақылдың орамдылығы деп еркін кең 

ойлап,  мәселені  ескі  әдетпен  не  үй- 

реншікті жолмен шеше салмай, оның 

орнына қарай, мәселенің шартына ла- 

йық жаңа әдістерін тауып, шешу қа- 

білетін айтады.

Ақылдың  орамдылығы  тек  бірқа- 

лыпты тәсілдердің әсерінен аулақ бо- 

лудан ғана көрінбей, сонымен қатар, 

мәселені түрліше әдістермен шешуге 

әрекет жасаудан да бұрын бір сына- 

лып, қате деп табылған әдісті қайтала- 

мау әрекетінен де көрінеді. Көп адам- 

дардың бір мәселені шеше алмайтын 

себебі көбінесе баста бір ойына келген 

әдістің жарамсыз әдіс екендігін, оның 

ешқандай  нәтиже  бермейтінін  біле 

тұра, оған қайта-қайта орала беруін- 

де. Бұл жерде ойдың өзінше «талап- 

сыздығы»  байқалады:  адам  өз  ойын 

бастапқы бір жолдан басқа жаққа бұ- 

ра алмайды.

3. Ойдың кеңдігі мәселені тұтас, бү- 

тіндей қамти білуден көрінеді, соны- 

мен қатар іс үшін аса маңызы бар көп 

бөліктері мен түрлі ұсақ жақтарын да 

естен шығармайды. 

Күрделі  мәселені  дұрыс  шеше  білу 

мәселенің барлық жағын оймен қан- 

шалықты  толық  қамти  білуге,  оның 

бір жақтарын шеше бастағанда, басқа 

жақтарының да қоятын талаптарына, 

шарттарына көңіл аудара білуге бай- 

ланысты. Күрделі математикалық есеп- 

терді шығаруда кездесетін қиыншы- 

лықтар мен қателердің көбі есептегі 

берілген шарттардың барлығын бір- 

дей қамти алмауға байланысты.

4.  Ойдың  ұшқырлығы.  Әртүрлі  іс-

әрекет саласы мәселені ойша шешу- 

дің  жылдамдығына  түрліше  талап 

қояды...  Бұл  ақылдың  басқа  сапала- 

рының  жоғары  дәрежеде  дамуының 

нәтижесі,  ойлаудағы  асығыстық  бұ- 

ған бүтіндей қарама-қарсы қасиет бо- 

лып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет