Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет412/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚАЖЕ

ҚАЖЕ


291

ете  алмайды.  Қ.-тердің  (материал- 

дық,  рухани,  әлеуметтік,  шығарма- 

шылық т.б.) қанағаттанбауынан адам 

көп қиыншылық көреді, өйткені бұл 

оның  сана-сезімінің  өсуіне  кедергі 

келтіреді.

ҚАЖУ  –  1)  организмнің  дене  және 

ақыл-ой жүктемелері ұзақ уақыт әсер 

еткенде  қалыптасатын  және  жұмыс 

қабілетінің төмендеуімен сипаттала- 

тын  күйі.  Организмнің  қарекеті 

қамтамасыз ететін психофизиология- 

лық  жүйелері  жұмысының  үйлесім- 

сізденуінен  білінеді.  Бұл  қан  ай- 

налысының, тыныстаудың, терморе- 

гуляцияның  және  т.б.  теңдес  емес 

өзгерулерінен, ал ой еңбегінен қажы- 

ғанда  зейіннің  босаңсуынан,  ойлау 

процестерінің  баяулауынан,  жадтың 

(қайта  жаңғыртудың)  қателесулері- 

нен  көрінеді.  Субъективтік  тұрғыда 

Қ.  жұмыстың  қиындығы  және  жал- 

ғастырылуы мүмкін еместігіне күйі- 

ну ретіндегі шаршау секілді сезіледі.

Алайда  шаршау  қажуға  тән  орга- 

низмдегі  өзгерістерге  әр  кезде  сай 

бола  бермейді,  ол  түрткі-себептің 

жеткіліксіздігінен,  жұмысқа  деген 

ынтаның  жойылуынан  және  т.б. 

туындауы  мүмкін.  Және,  керісінше, 

объективтік тұрғыдан қажыған адам 

жұмысқа  берілуі  себепті  шаршаға- 

нын  сезбеуі  мүмкін.  Ересек  адам 

Қ.  пайда  болған  кезде  организмнің 

компенсаторлық  мүмкіндіктерін 

пайдалану  есебінен  біраз  уақыт  бо- 

йына  жұмысты  жалғастыра  беруі 

ықтимал.  Бірақ  бұл  орайда  атқары- 

латын жұмыстың, әдетте, сандық жә- 

не сапалық көрсеткіштері бұған қар- 

сы арнайы шүйілмесе төмендейді.

Басқа  жағдайлар  бірдей  болғанда 

Қ.  жұмыстың  ұзақтығына  және 

қарқындылығына  тәуелді.  Мектепке 

дейінгі  балаларда  қажудың  алғаш- 

қы  нысандары  ғана  білінеді:  оның 

алғашқы белгілері пайда болғанда ба- 

ла  атқарып  жатқан  қарекетін  тоқ- 

татады.

Қажуға  себепші  жағдайлар:  жұмыс- 

тың  бірсарынды,  іш  пыстырарлық- 

тай, қызғылықсыз болуы; жұмыстың 

қолайсыз жағдайда атқарылуы (шуыл, 

жарықтың жетіспеуі); қозғалыс бел- 

сенділігінің болмауы, бұлшық еттер- 

дің статистикалық ширығуы (тапжыл- 

май отырып жұмыс істеу). Қажудың 

білінуі  бала  организмінің  күйіне  де 

байланысты.  Ол  ауырып  тұрғаннан 

кейін,  созылыңқы  интоксикация  ке- 

зінде және т.б. тез басталады.

Мектеп  оқушысының  қажи  бастаға-

нының нышандары: қозғалақтап ты- 

нышсыздану, зейіннің босаңсуы, шам- 

шылдық, жұмыстың дәлдігі мен жыл- 

дамдығының  кемуі,  реакция  шап- 

шаңдығының  азаюы,  материалдың 

нашар игерілуі, бас ауруы. Қажудың 

тез басталуының алдын алу амалда- 

ры  жұмыстың  көлемін  бала  орга- 

низмінің физиологиялық мүмкіндік- 

теріне, психикалық процестердің да- 

му деңгейіне сәйкестендіру, сондай-

ақ  жұмысты  орындау  үшін  қолай- 

лы жағдай жасау болып табылады.

Оқушылардың  ақыл-ой  күшін  әр 

түрлі дәрежеде жұмылдыруды талап 

ететіндей сабақтарды кездестіріп оты- 

ру маңызды:

-  жұмысқа  қабілеттіліктің  уақытша 

төмендеуі;

-  Қ.  мінез-құлықта  (жұмыстың  өн- 

беуі),  физиологиялық  жағдайда  (ес- 

тің, зияттың, зейіннің сезгіштіктің бұ- 

зылуы);



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет