Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет413/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚАЖУ

ҚАЖУ


292

- эмоциялық – мотивациялық деңгей- 

дің бұзылуында кездеседі.

Қ.  түрлері:  физикалық  Қ.,  ақыл-ой- 

дың қажуы, өткір Қ. және тұрақты Қ. 

болып бөлінеді.



ҚАзАҚСТАН  ПСИХОЛОГТАР 

ҚОҒАМЫ. 1958 ж. Қазақ ССР Оқу 

Министрлігі  жанынан  ұйымдасты- 

рылған ғылыми қоғамдық ұйым. Оның 

негізгі мақсаты – психологияның әр 



Хроно-

логия

Кезең мазмұны

(зерттеу пәні)

Маңызды

нәтижелер

VI-XIV 


ғғ.

Көне  түркілердің 

адамның  ішкі  әлемі 

ж а й л ы   т ү с і н і г і 

және  оның  рухани 

мәдениеттің  түрлі 

материалдарында 

көрініс табуы

Көне түркі жазба ескерткіштерінде көрініс тапқан көшпенділердің 

психикалық өмірі жайлы алғашқы эмпирикалық білімдер. Жан мен 

тән мәселесі. әл-Фарабидің ішкі және сыртқы жан қуаттары жайлы 

ілімі.  Шығыс  халықтарының  (араб,  түркітілдес)  психологиялық 

терминологияны жасаудағы алғашқы әрекеттері.

XV ғ. 


ХІХ ғ. 

ортасы


Қазақ психологиялық 

ойының пайда болуы

Алғашқы ерте феодалды типтегі қазақ мемлекеттік бірлестігінің пайда 

болуымен (XV ғ.); өзбек, қырғыз, түркмен, қарақалпақ халықтарынан 

бөлек  өзіндік  қазақ  әдебиеті  мен  мәдениеті  қалыптаса  бастады. 

Бұл  жайт  көшпенділердің  төлтума  ой-пікірлерінің  қалыптасуы 

мен  дамуына  өзіндік  ізін  қалдырды.  Қазақ  жыраулары  мен  дала 

ғалымдарының (М.Х.Дулати, Ө.Тілеуқабылұлы, Қ.Жалаири) ақыл, 

ерік-жігер, сезім, мінез т.б. жөнінде айтқан ақыл-кеңестері, қазақ 

фольклорындағы адамның жан дүниесі жайлы түсініктердің реалистік 

сипаты.

ХІХ ғ. 


екінші 

жартысы


Қазақ  психология-

сының жалпы ғылыми 

алғы-шарттарының 

қалыптасуы.

Қазақ  тілінде  психологиялық  ұғымдар  жүйесін  құру,  тұлғаның 

этнопсихологиялық  ерекшеліктері  туралы  ілімдердің  пайда  бола 

бастауы  психологияның  жеке  салаларына  алғаш  көрініс  берді 

(педагогикалық, этникалық, қоғамдық, музыкалық және т.б.).

ХХ ғ. 

20-30 


жж.

Қазақстанда Кеңес 

психологиясының 

қалыптасуы

Жаңа  мектептер  жүйесінің  өріс  алуы,  мәдениет  мекемелерінің 

ғылыми орталықтарының ашылуы, ересектердің сауатсыздығын жою. 

Білім берудің жаңа жүйесі т.б. қазақстандық кеңес педагогикалық 

психологиясының негізінің қалануына септігін тигізді. Қазақ және орыс 

ғалымдарының Струминский, Нечаев т.б. психология саласындағы 

еңбектері  ғылымның  жекелеген  салалары  іргесінің  қалануына 

септігін тигізді. Елдегі ғылымның қалыптасуында Сталиннің жеке 

басына табынудың зардаптары (Қазақ қайраткерлерінің репрессияға 

ұшырауы)  бола  тұрса  да,  осынау  еңбектердің  қазақстандық 

психологияның  ұлттық  негіздерінің,  оның  терминологиялық 

аппаратының жасалуына септігін тигізді.

ХХ ғ. 


1945-

1990 ж.


Қазақстан Ұлы 

Отан соғысынан 

кейінгі Кеңестік 

психологияның өріс 

алуы.

Психология  кафедралары  мен  күндізгі-сырттай  аспирантураның 



ашылуы, Қазақстанда психологиялық диссертациялардың қорғалуы 

(1953-1987), Ұлттық оқу-құралдары мен өзге де ғылыми еңбектердің 

жарық  көруі,  ҚазҰУ-да  психологтардың  даярлануы,  (1947-1953) 

КСРО  психологтар  Қоғамы  Қазақстандық  бөлімінің  ашылуы, 

(1958-1990)  ғылыми-теориялық  конференциялардың,  семинарлар 

мен симпозиумдардың өткізілуі, ХХ ғ. 70 ж. – 2010 психологиядан 

терминологиялық сөздіктердің жарық көруі, жекелеген ғалымдардың 

докторлық диссертациялар қорғай бастауы, психологияның жекеле-

ген салаларының бой көтеруі (әлеуметтік, спорт, медициналық және 

т.б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет