289
леттіліктердің дөңестерін», «атақ-
құмарлық, сараңдық, ерлік және т.б.
қасиеттердің» дөңестерін бейнелеу-
ге болады деп тұжырымдайды. XIX
ғасырда френология психо-диагнос-
тика әдісі ретінде барынша кеңінен
қолданылды.
Алайда, бас сүйекке жасалған көп-
теген зерттеулер оның ми қабаты-
ның нысандарын әсте де қайтала-
майтындығын, сондықтан бас сүйек-
тің орталықтары мен дөңестеріне
қарап адамның ақыл-ой қабілетті-
лігін, мінез ерекшеліктерін анықтау-
ға әрекеттенудің негізсіз және ғы-
лымға мүлде қарсы болатындығын
көрсетті. Қабілеттілік тұқым қуалау
арқылы беріледі деген теорияға қа-
рама-қарсы қабілеттілік өмірге кел-
геннен кейін қоршаған орта мен
тәрбиеге байланыстылығы туралы
теорияны атауға болады. Бұл тео-
рияны алғаш рет XVIII ғ. ғылымда
Гельвеций тұжырымдаған болатын.
Ол қабілеттілікті қалыптастыруда
тәрбиенің рөлін ерекше бағалады.
Жаңа кезеңде америка ғалымы У.Эш-
би қабілеттіліктер және тіпті дарын-
дылық өмірде қалыптасқан қасиеттер-
ге байланысты екендігін ерекше ата-
ды. Ол мың рет сәтсіздікке ұшырап,
мың бірінші рет жаңалық ашқан
адам қабілетті де осыны шешпей тас-
тап кеткен адам – қабілетсіз дейді.
Психологтардың зерттеулері мен бай-
қаулары қабілеттің биологиялық ал-
ғышарттары болатындығын жоққа
шығармайды. Психолог-ғалымдар
мидың, жүйке саласының құрылы-
мында туғаннан, тұқым арқылы бе-
рілетін кейбір ерекшеліктер (нышан-
дар) қабілеттіліктердің дамуына қо-
лайлы жағдайлар жасайтындығын
және ерекше рөл атқаратындығын
дәлелдеді.
Достарыңызбен бөлісу: