Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет448/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС  –  біріккен  іс-

әрекет қажеттілігін туғызатын, адам- 

дар  арасындағы  байланыстың  да- 

муын орнататын күрделі көп жоспар- 

лы  үрдіс.  Адамдардың  танымдық 

хабарлар  алмасуы,  өзара  түсінісуі, 

бір-бірін  қабылдауы.  Қ.-қ.-тың  үш 

жағы  бар  –  интерактивті,  комму- 



никативті,  перцептивті.  Қ.-қ.  дең- 

гейлері  –  мезо,  макро,  микро,  стан- 

дартты, шаблонды, жабайы, рухани, 

іскер,  ойын,  т.б.  Қ.-қ.  түрлері  – 



әлеуметтік бағдарлаушы, жеке бас- 

тық  бағдарлаушы,  топтық,  топ- 

аралық және т.б.

Адамдар  арасындағы  Қ.-қ.  жасау  да 

аса  қажетті  шарттың  бірі  –  сөйлеу- 

шілердің өз ой-пікірлерін өзгелерге, 

тыңдаушыларға  қалайда  жеткізіп, 

оларға  әсер  етуді  көздесе,  ал  тың- 

даушылардың  Қ.-қ.  орнатудағы  сөй- 

леуші жақтың ой-пікірін дұрыс ұғы- 

нып, оны іс жүзіне асыра білу мәде- 

ниеттілігіне  байланысты.  Бұл  жайт- 

тан біз Қ.-қ. жасаудың үнемі екіжақ- 

ты үрдіс екендігін түсінеміз. Арнайы 

жүргізілген  зерттеу  нәтижелері  бо- 

йынша адамдардың басым көпшілігі 

өзінің  70%  (уақытын  өзара  тілдесіп 

қарым-қатынас  жасауға  жұмсайды 

екен. Ал жетекші қызмет пен басшы- 

лық ететін адамдар өздерінің жұмыс 

мерзімінің  80%)  уақытын  осы  Қ.-қ. 

жасауға жұмсайды.

Тілдесу арқылы адамдар өзара Қ.-қ. 

жасап  біріне-бірі  білдірмек  болған 

ойын жеткізіп пікір алысады. Қатынас 

орнатудың нәтижесінде өзара ықпал 

етіп,  адамдардың  өмір  тәжірибесі, 

іс-әрекеті,  теориялық  ой-пайымда- 

ры  дамиды.  Қ.-қ.  орнатудың  тиімді 

болуы басқарушылар мен бағынушы- 

лар,  жетекшілер  мен  атқарушылар 

арасындағы  түсіністіктің  ереже-қа- 

ғидаларын  қалыптастырып,  әрбір 

іс-әрекеттің өнімді де, пайдалы да бо- 

лып бітуіне әсер етеді. Қ.-қ. орнату- 

дың бірнеше түрлері бар: ресми жә- 

не ресмисіз (бейресми). Ресми Қ.-қ. 

нақты  іске,  қызметке  байланысты 

тілдесулерде  адамның  шын  пиғы- 

лы мен сырын ашып көрсетеді. Ресми- 

сіз  қатынастардың  түрлері  адамдар 

арасындағы  достық,  сүйіспеншілік 

сезімдерге  негізделеді,  әріптестер 

арасындағы  шынайы  ниеттерді  де 

көрсетеді.  Шын  пиғылды  ресмисіз 

қатынас орнатудың өзіндік белгілері 

бар:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет