318
Жоғарыда келтірілген жекеленген
фактілердің өзі «Диван лұғат ат түрк-
ті» орта ғасырдағы қазақ халқының
қоғамдық ой-пікір тарихына да қаты-
сы бар елеулі шығарма деп тұжырым
Л.Н.Гумилев еңбектерінде «түркілер-
де сөздің күші ақиқатты, шынайы
күш болып есептеледі, айтылғанның
айғағы деп тегін айтылмаған. «Құдат-
ғу білікте» де, «Диванда» да тіл жай-
лы айтылған түйіндер, тіл немесе сөз
қадірін білу – кісінің тәрбиелілігі-
нің көрсеткіші дейтін Қашқари қағи-
дасы аса маңызды. «Әдептің басы –
тіл», «Тіл – тәрбиелік пен қайырым-
дылықтың басы», «Ақылды сөз – ал-
тын табаққа жеткізер», т.б. қазіргі
кезде де ерекше мәнге ие боп отырға-
ны белгілі. «Диван» қазіргі түркілер-
дің бәріне ортақ рухани асыл қазына
болумен бірге қазіргі қазақтардың
тәлім-тәрбиелік, психологиялық ой-
пікірлерінің де түп-төркіні, ілкі бас-
тауының бірі екендігіне шүбә келті-
руге болмайды.
ҚИЯЛ – 1.психикалық үрдіс: а) мә-
селелі жағдай белгісіз болғанда мі-
нез-құлық бағдарламасын жасайды;
ә) іс-әрекетті бағдарламайды, бірақ
оның орнын ауыстыратын бейнелер-
ді жасайды; б) объекттің суретте-
луіне сәйкес бейнелерді жасайды.
Қиялдың маңызды мәні – іс-әрекет
басталғанға дейін нәтижесін көруге
мүмкіндік беріп, адамды сол арқылы
іс-әрекет үрдісіне бағдарлайды. Қ.
басқа да психикалық үрдістер сияқ-
ты аналитикалық-синтетикалық си-
патқа ие. Қ. айқын болмысты жаңа,
күтпеген, әдеттен тыс басқаша байла-
ныспен үйлесімділікте бейнелейді.
Қ. нысандары: сұлбалау, агглютина-
ция, типтендіру, әсірелеу, гиперболи-
зациялау; түрлері: белсенді Қ. және
енжар Қ.
2. психологияда сыртқы дүние затта-
ры мен құбылыстарының субъектив-
ті бейнелерін қайтадан өңдеп бей-
нелеуде көрінетін тек адамға ғана тән
психикалық үрдіс. Адамның миында
Қ. пайда болған кезде ми қабығын-
да бұрын жасалған уақытша байла-
ныстар түрлі өзгерістерге түседі де,
жаңа заттар мен құбылыстардың
бейнесі туып отырады. Уақытша бай-
ланыстарды қайта тудырып, өңдеу
үрдісінде екінші сигнал жүйесі ше-
шуші рөл атқарады. Әрбір адамның
Қ. ерекшеліктері сол адамның құмар-
тып қызығуына, жекелік ерекшелік-
теріне, алдына қойған мақсатына
байланысты. Сондай-ақ қиялдың маз-
мұны мен түрі адамның жас ерекше-
ліктері мен білім тәжірибелеріне де
байланысты. Қ. адамның барлық пси-
хикалық құбылыстарымен ұштасып
жататын үрдіс. Сонымен бұрын біз
қабылдамаған заттар мен құбылыс-
тардың бейнелерін жасаудағы пси-
икалық үрдісті қиял деп атайды.
Қ. адам бұрын өзі көріп-білмеген нәр-
селерінің бейнесін көз алдына елес-
тету, олардан жаңа бейне жасау не-
месе бұрынғы қабылданған, жинал-
ған бейнелерге сүйене отырып, өз
басында тың, жаңа элементтер мен
идеялар тудыру. Ырықсыз қиял адам-
ның алдына мақсат қоймай-ақ, ба-
сындағы елестердің ағытылып, бірі-
нен соң бірі өтіп жататын кезінде тууы.
Ырықты қиял адамның алдына са-
налы түрде мақсат қоя отырып, әдейі
бейнелер жасау мен қажетті бейне-
лер тудыруы.
Достарыңызбен бөлісу: