313
айтады. Мәселен, қатты ашу керне-
ген адам кейде жұдырығын түйіп
тістенеді, қабағын түйіп булығады,
демін әзер алып, танауы делдиіп ке-
теді, жүрегі тарс-тарс соғады. Осын-
дай мәнерлі қозғалыстардың әрқай-
сысының өзінше шығу тарихы бар.
Жоғарыда келтірілген мысалдан жа-
уымен (жабайы аңдармен) айқасқа
түсейін деп тұрған адамның келбе-
тін, даярлық белгісін байқауға бола-
ды. Ертедегі адамдар жабайы аңдар-
мен арпалысқа түсердің алдында де-
несін соған бейімдеп алып, сонан ке-
йін айқасатын болған.
Қазіргі адамдар үшін мұндай көрініс-
тер дөрекі, ебдейсіз қимылдар болып
танылады. Мұндай ебдейсіз қимыл-
дар мәдениетті адамның қылығына
ешбір сыйымсыз сипат. Бұған көбі-
несе сотқар, ызақор, кекшіл адамдар
бір табан жақын тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: