АЛҒАШҚЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ. (Нә-
ресте-бал бөбек) – Өмірге жаңа кел-
ген нәресте күн санап өсіп отырады.
Мәселен, оның өсуі туған кезіндегі-
сімен салыстырғанда бір жыл ішінде
25 процент өседі. Нәрестенің сүйегі
бірте-бірте қатайып, бірақ ол әлде де
жұмсақ шеміршек тәрізді майысқақ
келеді. Өйткені оның сүйегінде бор
мен тұз қышқылы жеткіліксіздеу бо-
лады. Организмнің үздіксіз өсіп, да-
муы – өзара тығыз байланыста бола-
тын процесс. Балалардың жас ерек-
шелігіне байланысты түрлі мүшелер
мен жүйелердің даму қарқыны бір-
дей болмайды. Мәселен, адамның сү-
йек, буын жүйелерінің дамуы жиыр-
ма жасқа таман, көз бен есіту қызме-
тінің дамуы жеті-он жас шамасында
аяқталады.
Нәрестенің жүйке жүйесінің даму
қарқыны да айтарлықтай болады. Ал-
ғашқыда жаңа туған нәрестеде кей-
бір шартсыз рефлекстер болады да
(тамақ, қозғалыс, бағдар т.б.) кейін
олар көбейе түседі. Шартты рефлек-
стер екі-үш жетіден кейін (мәселен,
бір мезгілде емізуге байланысты реф-
лекстер) пайда бола бастайды. Екін-
ші айда баланың барлық анализатор-
ларында шартты рефлекстер жасалу-
ға мүмкіншілік туады. Мәселен, екі
айлық бала жай суды тәтті судан, ал
үш айлық бала тәттіні тұздан, сон-
дай-ақ кейбір нәрсенің иісін ажыра-
Достарыңызбен бөлісу: |