Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет47/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

АҚЫЛ

АЛҒА


33

та алады. Төрт айлық бала айналасы-

на  көз  тоқтатады,  үйдегі  адамдарды 

бөтен  кісілерден  ажырата  бастайды. 

Бес  айда  көзбен  қолдың  координа- 

циясы (үйлесімі) қиюласады да, бала 

төңірегіндегі  нәрсенің  бәріне  ұмты- 

лады,  оны  аузына  апарады.  Алты-

жеті  айлық  балада  үлкендерге  елік-

тей бастаудың элементтері (алақанын 

бір-біріне соғу, ырықты қозғалыстар 

жасау т.б.) ересектер айтқан сөздерге 

ұқсас  дыбыстар  шығаруы  байқала- 

ды.  Шартты  рефлекстердің  анализа- 

торларда пайда бола бастауымен нә- 

рестелік кезең аяқталады.

Бірінші  жарты  жылдықта  ми  қабы- 

ғында  тежелудің  барлық  түрлері  кө- 

рінеді.  Бұл  жағдайдың  тәрбие  про-

цесі  үшін  ерекше  маңызы  бар  екен-

дігі белгілі.

Жарты  жастан  былай  қарай  балада 

«Бұл не?» рефлекстері қауырт дами- 

ды. Қол сипай-сезу анализаторының 

қызметін атқаруға көшеді. Мұның өзі 

нәрселерді ұстай білу, отыру, еңбек- 

теуге, айналасындағылармен қарым-

қатынас  жасауға  мүмкіндік  береді. 

Олар үлкендердің сұрауларына жауап 

қайтаруға тырысады.



АЛҒЫС  –  жақсылық  жасағаны,  іл- 

типаты, қызмет көрсеткені және т.б. 

үшін адамға (топқа, ұйымға) ризалық 

сезімі; өз тарапынан лайықты жауап 

беруге әзірлікпен білдіріледі. А. қо- 

ғамның  құлықтық  тіректерінің  бірі 

болып  табылады.  А.  –  жақсылықты 

жақсылықпен өтеу жөніндегі мораль- 

дық талап. А. адам алғашқы қауым- 

дық ұжымда өзін бөлектей бастаған 

кезде, өзара қызмет көрсету тәжірибе- 

сі мүмкін болған уақытта пайда бол- 

ды. А. принципі әлеуметтік-құлықтық 

императив  сипатында  болды:  сый-

сияпат жасау міндетті деп есептеліп, 

барша  жұрт  тарапынан  танылды. 

Бертін келе А. білдіру неғұрлым кең 

мәнге ие болды: тауарлар мен қызмет 

түрлерінің өзара айырбасының эконо- 

микалық  және  заңдық  қарым-қаты- 

настарына құқықпен қалыптастырыл- 

маған қосымша деп саналды. Қазір- 

гі уақыттағы ұғынылуында А. адам- 

дардың қарым-қатынасындағы әділет- 

тілік принципінің аса маңызды көрі- 

нісі.  А-ты  жағымпаздықтан,  пара- 

қорлықтан,  жекелей  және  қоғамдық 

істерді  жайғастырудың  өзге  де  мо- 

ральға  жат  нысандарынан  ажырата 

білу керек. Біреуге қатысты А. білді- 

ру міндеттілігі гуманизм, патриотизм, 

адалдық  және  т.б.  принциптеріне 

келетін жағдаяттар моральдық тұрғы- 

дан  неғұрлым  күрделі  болып  шы- 

ғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет