Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет470/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   466   467   468   469   470   471   472   473   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚҰЛЕ

ҚҰЛЕ


334

дағы ұшан-теңіз, Пайда жоқ өз хал- 

қыңа қызмет етпей... Ашылмас жігіт 

адам  сыннан  өтпей,  Пайдаңды  жақ- 

сы болсаң тигіз көпке, Жатырқап еш 

адамды  сыртқа  теппей,  Ғибрат  ал 

жақсылардан жақын жүріп, Қаша гөр 

жамандықтан аулақ беттей...

Ақын  жастарға  еңбек  ет,  мал  бақ, 

еңбегіңнің  қызығын,  бейнетін  көре 

біл, еңбек барлық адамға – байға да, 

жарлыға  да,  әйел-еркекке  де  бірдей 

табиғи  қажет  нәрсе  дейді.  Елгезек, 

еңбекшіл адам мұратына жетпей қой- 

майды,  тек  кеш  жатып  ерте  тұрсаң 

ғана  ісіңнен  берекет  табасың,  ерін- 

шек,  жатып  ішер  жалқау  болсаң  еш 

уақытта  мақсатыңа  жете  алмайсың 

деген қағида ұсынады.

Ақын  жоғарыда  келтірілген  шумақ- 

тарда  жігіт  адамның  мінезінің  «тал 

жібектей»  майда,  жайсаң  кішіпейіл 

болғанын қалайды. Ол жас адамның 

аса білгір, өрен жүйрік, зерек, жұрт- 

тан озған болса да қарапайым, ілти- 

патты  болғандығын,  яғни  халқына 

адал қызмет етуін қалайды. Шал ақын 

дүниенің қыры мен сыры мол, жұм- 

бағы  көп,  мұны  білу  үшін  үздіксіз 

әрекет ету, маңдайдан тер төгілту ке- 

ректігін айта келіп, «біздің білетіні- 

міз  бір  тоғыз,  білмейтініміз  тоқсан 

тоғыз»  екенін,  жақсы  жігіттің  ай- 

наласын толық танып білуі үшін көп 

еңбектенудің қажеттігін ескертеді.

Шал  ақын  халқымыздың  «талапты 

ерге нұр жауар» деген нақыл сөзіне 

сүйене  отырып,  талаптанған  адам- 

ға  қолы  жетпейтін  нәрсе  жоқ  және 

адамның  қолынан  келмейтін  іс  жоқ 

екендігін  баса  айтып,  жастарды  қа- 

жыр-қайраттылыққа,  пәрменділікке, 

мақсаттылыққа, парасаттылыққа бау- 

луды  ойлайды.  Ақын,  сондай-ақ, 

адамның  ойлаған  мақсатына  бірден 

жетпейтінін, бұл жолда ол небір «тар 

жол,  тайғақ  кешулердің»  басынан 

кешіретінін,  мақсатқа  жетудің  жолы 

ауыр  жол  екендігін  жастардың  зер- 

десіне құяды.

Ойшыл ақын «жігіт болсаң шоқ бол, 

шоқ болмасаң жоқ бол» деген идея- 

ның төңірегіне ой тастай келіп, көп 

үшін әрекет ет, көпке пайдаңды тигіз 

деп ұлағатты ақыл, кеңестер береді.

Ол  жақсы  адамның  жұртқа  үйірсек 

келетінін, осындайлардан үлгі-өнеге 

алудың  соншама  маңыздылығын 

жырына қосады. Шал ақынның мұн- 

дай  аталы  сөздері  өзінің  маңызын 

ешқашан да жоймайды, осындай өне- 

гелі  өсиетті  сөздер  қазіргі  жастары- 

мыздың  тәлім-тәрбиесіне  де  аса  қа- 

тысты жайт.

Ақын  барша  түркі  халықтарына  ор- 

тақ  тақырып,  яғни  адам  өмірін  жас 

кезеңдеріне  байланыстыра  сипат- 

тайтын бірнеше өлең жазды. Осыла- 

рының  ішінде  ол  кәрілікті  ерекше 

даттап, ол жастық дәуренді көзі жа- 

саурай тебіріне еске түсіріп жырлай- 

ды.  Адамның  түрлі  жас  кезеңдерін 

тамаша  теңеулермен  бергендіктен 

бұлары психологиялық жағынан аса 

нанымды,  әрі  тартымды.  Мәселен, 

мұнда  «елу  –  ердің  жасы,  алпыс  – 

бір сұмдықтың басы, жетпіс-сексен – 

оттың  қасы»  деген  сияқты  мақал-

мәтелге,  тақпақ  афоризмге  ұқсас 

адамның  дүниеге  келген  күнінен 

өмірінің соңғы кездеріне дейінгі ұзақ 

жолды  тұтас  сипаттайтын  ойлы  тү- 

йіндер көптеп кездеседі.

Шал  толғауларында  нәресте,  бөбек, 

сәби  бозбала  психологиясының  қа- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   466   467   468   469   470   471   472   473   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет