Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет478/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   ...   877
ҚҰНА

ҚҰНА


340

көбейтуге екі қару бар. Оның бірі – 

мұлахаза (ойлау, пікір алысу)..., екін- 

шісі  –  берік  мұхафаза  (сақтау,  қор- 

ғау)... Бұлар зораймай, ғылым зорай- 

майды» – деп жазды. Абай жан қуат- 

тарын  адамдардың  бір-бірімен  жәй 

түсінісуі  ғана  емес,  сонымен  қатар 

олардың көңіл күйіне, бүкіл психоло- 

гиясына әсер ететін күшті құрал ре- 

тінде түсінеді.

Адамның  сан  алуан  қызыққа  толы, 

сезім  әлемі  ақын  шығармаларының 

негізгі тақырыптарының бірі. Адам- 

ның ішкі жан-дүниесін оның үш қы- 

рымен (ақыл, сезім, қайрат) тұтастыра 

қарастыратын  Абай  адам  өмірінде, 

таным мен күнделікті тіршілікте, се- 

зімнің  аса  маңызды  қызмет  атқара- 

тынын көрсете келіп, кісінің рухани 

дамуы үшін ең алдымен жан-дүние- 

сі  бай,  сезімтал  болуы  қажет  дейді. 

Ақын  адамның  адамгершілік,  иман- 

дылық, моральдық, эстетикалық сезім- 

деріне айрықша мән береді. Осындай 

сезімдерді бойға дарытуда адам жа- 

ман  мінездерден  арылып,  өзін-өзі 

тәрбиелеуі керек деп есептейді. «...Ғы- 

лымды,  ақылды  сақтайтұғын  мінез 

бұзылмасын!  Көрсе  қызарлықпен, 

жеңілдікпен, иә біреудің орынсыз сө- 

зіне, иә бір кез келген қызыққа шай- 

қалып қала берсең, мінездің берікті- 

гі бұзылады»,- деп ескертеді.

Ақын қағидаларында қоршаған әлем- 

ді  тану  үшін  адамға  алдымен  –  «не 

көрдің, естідің, әрнешік білдің, соны 

тездікпенен  ұғып...»  алу;  екінші  – 

«...бір нәрсені естіп, көріп білдің, қош 

келді, қазір соған ұқсағандарды тек- 

серерсің. Түгел ұқсаған ба? Яки бір 

ғана  жерден  ұқсағандығы  бар  ма? 

Әрнешік  сол  іске  бір  келіскен  жері 

бар нәрселердің бәрін ойлап, білгенін 

тексеріп,  білмегенін  сұрап,  оқып, 

бөтеннен хабарласып білмей, тыншыт- 

пайды», – деп көрсетеді. Абай сезім 

мүшелерінің  шындықты  танудағы 

қызметін былайша түсіндіреді. «Адам- 

ның  қуаты,  өмірі  бірқалыпта  тұр- 

майды. Әрбір мақұлыққа құдай тағала 

бірқалыпта тұрмақты берген жоқ», – 

деп, табиғат қана емес, адам да үнемі 

өзгеріп отыратындығына ерекше кө- 

ңіл аударады.

Абай  адам  мен  жан-жануарларды 

салыстырып  келіп:  «қай  егіз  шаһар 

жасап, құрал жасап, неше түрлі сай- 

ман жасап, сыпайылық, шеберліктің 

үдесінен шығар қисыны бар?» – адам- 

ның  хайуанаттан  басты  айырмашы- 

лығы  қоғамға  қызмет  етуінде  деп 

түсіндірді. Ол жастарды білім-ғылым- 

ға шақыра отырып, тек қажырлылық- 

тың,  құштарлықтың  арқасында  ғана 

ғылымға  қол  жеткізуге  болатынын 

айтады. Абайдың түсінігінде құмар- 

лық  ғылым  жолында  табысқа  жет- 

кізетін ең күшті сезім: «...білім-ғылым- 

ның өзіне ғана құмар, ынтық болып, 

бір  ғана  білместіктің  өзін  дәулет 

білсең және әр білмегеніңді білген уа- 

қытта көңілде бір рахат хұзур хасил 

(тыныштық,  рахатшылық)  болады», 

– дейді. Білімге ынтық сияқты құмар- 

лықтың  да  адамның  жасампаздық 

қызметін арттыра түсері сөзсіз. Ақын, 

сондай-ақ,  біржолата  құмарлық  би- 

леген адам тап сол сәтте қай нәрсенің 

аса маңызды екенін аңғармай, тек же- 

ке  басын  күйттеп  кетуі  де  мүмкін 

дейді.  Егер  құмарлық  ақыл  таразы- 

сын басып кетсе, ол жемісті еңбек ету- 

ге кедергі келтіреді, кейде құбылыс- 

ты  теріс  бағалауға  әкеп  соқтырады: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет