Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет481/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚҰНА

ҚҰНА


343

жеке басының ерекшеліктері жайлы 

айтқан  психологиялық  пайымдаула- 

ры өзінің ғылыми тереңдігі мен ерек- 

ше бағалы.

Абайдың  психологиялық  көзқарас- 

тары  жалпы  және  педагогикалық 

психология мәселелерімен ғана шек- 

телмейді.  Ақын  туған  халқының 

әлеуметтік жағдайымен, оның әр түр- 

лі  топтарының  мінез-құлықтарына 

да  ерекше  зейін  қояды.  Ол  өз  жұр- 

тының мінез-құлқын, көңіл күйін, іс- 

әрекеттерін,  күйініш-сүйінішін,  та- 

лап-талғамын,  салт-санасын  жақсы 

білді. Оның шығармаларынан мінез-

құлықтары  сан  алуан  адамдардың 

(бай,  болыс,  атқамінер,  т.б.)  психо- 

логиялық  бейнесі  тамаша  көрініс 

тапқан. Ақын осынау әлеуметтік топ- 

тардың  барлығына  толыққанды, 

көркем бейнелі сипаттама беріп қана 

қоймай,  сонымен  қатар  олардың 

әлеуметтік-психологиялық  мәнін  де 

ашып көрсетеді. Ол көшпелі халық- 

тың өмірінің ұсақ-түйектеріне дейін, 

тұрмыс-салты  мен  әдет-ғұрпының 

өзіндік  ерекшеліктерін  зерттеп,  қа- 

зақтың рухани мәдениетіне қатысты 

деректерді  жан-жақты  пайдаланды. 

Абай жасаған қазақ қауымының түр- 

лі  топтарының  өкілдері  жайлы  пси- 

хологиялық сипаттаманы шын мәні- 

сіндегі өміршең де әділ тұжырым деп 

бағалауымыз абзал.

Абайдың  психологиялық  мәселе- 

лерге көзқарасы, ең алдымен, поэзия 

мен  өнердің  міндеті  –  адам  өмірін 

олардың  көңіл  күйі  мен  іс-әрекет- 

терін  шыншылдықпен  көрсете  білу 

деген  түсінігіне  орай  қалыптасқан. 

Ол  поэзия  саласындағы  талант  ие- 

лерінің  психологиялық  қызметінің 

ерекшеліктерін, оның даму заңдылық- 

тарын  жете  зерттеуі  керектігіне  зор 

мән берді. Ол өнердің кез келген түрі 

адамның  белсенді  шығармашылық 

қызметінің барысында қоршаған ор- 

та  шындығынан  нәр  алып,  мазмұн- 

дық жағынан байи бермек деп есеп- 

теді. Ән мен күй, өлең мен музыка қа- 

зақ халқының өмірі мен тұрмысынан 

ерте  заманнан-ақ  берік  орын  алып, 

олардың сенімді де айнымас серігіне 

айналған дүниелер. Қуаныш пен қай- 

ғы, өмір мен өлім, жастық пен кәрі- 

лік – бәрі де әнде бейнеленеді, сонда 

көрініс табады. Ән сырға толы, адам- 

ды шаттық пен қуанышқа бөлеп бо- 

лашаққа жетелейді, жабыққанда жұ- 

батады,  шаршағанда  демеу  болады. 

Әнсіз өмір жоқ. Ол жүрек қылын шер- 

тіп,  толғандырады,  қиялына  қанат 

бітіреді. Адам әсем әнді жылы сезі- 

мімен,  бар  ықыласымен,  жүрегімен 

қабылдайды. Тек шын жүректен шық- 

қан ән ғана тыңдаушысын толғантып, 

қуанышқа бөлейді. Абай ән мен му- 

зыканы  адамның  әсемдікке  деген 

құлшынысын  қанағаттандыратын 

аса маңызды құрал, оның рухани да- 

муының негізі деп есептеді. Ол өзі де 

соңына көптеген тамаша әндерін мұ- 

ра ғып қалдырды.

Ол  қазақтың  қоғамдық  ой-пікірінің 

қалыптасуы  тарихында  алғаш  рет 

ақындық шабытты шақтың психоло- 

гиялық  астарына  терең  үңіліп,  оны 

адам рухының ерекше күйі, жүректің 

лүпілдей  соғып,  қанды  қыздыратын 

көзі  деп  сипаттады.  Ақын  шабыт 

шалқыған сәтте өмірден қол үзіп қал- 

май, керісінше күнделікті күйкі тір- 

шіліктен  жоғары  тұрып,  шындық 

пен  әділдіктің  қатал  да  қайтпайтын 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет