369
реттесе, аралық ми сезім мүшелерін
қи қабығымен байланыстырады.
Бастың шүйке (желке) бөліміне ор-
наласқан мишық денені белгілі бір
күйде ұстап, бұлшық еттердің қозға-
лыстарын реттейді. Ми бағанасы-
ның құрамдары эволюциялық даму-
дың төменгі сатысында тұрған жа-
нуарлардың психикасы үшін елеулі
орын алатын болса, жоғары сатыдағы
жануарлар мен адамдардың өмірінде
негізгі рөлді ми қабығы атқарады.
Денеде болатын барлық құбылыстар-
ды өз қарамағында ұстайтын ми қа-
бығы адамдарда ерекше жетілген.
Адам миының күрділілігі оның кө-
лемі мен ішкі құрылымынан жақсы
байқалады. Жоғары сатыдағы жа-
нуарлар мен адам миының денеге
байланысты ара салмағы мына тө-
мендегідей:
Кит
Піл
Жылқы
Ит
Май-
мыл
Адам
1
20 000
1
500
1
400
1
250
1
100
1
46
МИ БИОТОКТАРЫ – күрделі жан
қуаттарының ми жарты шарларын-
дағы интеграциялық құрылымының
моделі. Мида бір-бірімен тығыз бай-
ланыста қызмет ететін үш блок бар.
Оның бірі – энергетикалық ми тону-
сы деп аталады. Бұл сырттан келіп
түсетін ақпараттарды алғаш елеп-ек-
шеп талдайтын блок. Екінші блокта
сезім мүшелерінен (көру, есту, сипап
сезу және т.б.) алынған ақпараттар
өңделіп, сұрыпталып, әрі қарай сақ-
тауға жағдай туғызады. Олар ми сы-
ңарларының желке бөлігінде орна-
ласқан. Адамның ойлау, қиял, ес
процестерінің бір-бірімен байланы-
сына аталмыш блок елеулі рөл ат-
қарады. Үшінші блок – жан қуат-
тарының (процестер) ағысын бағ-
дарлап, оларды реттестіру, басқару
ісімен айналысады. Ол ми қабығы-
ның маңдай бөлігінде орналасқан,
саналы тіршіліктің әртүрлі себепте-
рін (мотив), мақсат-мүдделерін, іс-
әрекеттің нәтижесін байқаумен де
шұғылданады. Ми блоктарының қыз-
метін академик А.Р.Лурия негізін
салған нейропсихология ғылымы
зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: