420
ріне ұқыптылықпен қарайды, өзін-
өзі ылғи жетілдіру үстінде болады,
әртүрлі салаларда өзін көрсетуден
қорықпайды. Сонымен қатар, мұндай
адам өзін жаратылысы қандай болса,
солай қабылдайды. А.Маслоудың
тұжырымдамасы негізінде жасалған
Э.Шостромның өзін-өзі таныту тес-
тінің шкалаларынының ішінде өзін-
өзі сыйлау және өзін-өзі қабылдау
шкалалары да бар. Мұның өзі өзіндік
сүйіспеншіліктің тұлғаның өзін-өзі
танытуына қолайлы жағдай тудыра-
тынын көрсетеді. Ө.с. бір уақытта
Меннің қозғаушы күшін, оның бел-
сенді жағын білдіре отырып, тұлғаны
әлеуметтік ортамен, басқа адамдар-
мен салыстыру тәсілі ретінде қызмет
етеді.
Сонымен қатар, өзіндік сүйіспенші-
лік тұлғаның құндылықтық-адам-
гершіліктік аумағының дамуына да
маңызды рөл атқарады, онсыз өмірге
қанағаттылық, толымдылық сезімі ту-
майды. Сондықтан, өзін-өзі білдіру-
дің, яғни өзін-өзі танытудың түрлі
типтерін анықтауда, өзіндік сүйіс-
пеншілікті де есепке алу маңызды.
Ал мұның өзі өзіндік сүйіспеншілік-
ті тұлғаның өзін-өзі бағалауын тәр-
биелеудің, мотивацияны көтерудің,
өмірлік мағынаны табудың әсерлі ал-
ғышарты ретінде қарастыруға мүм-
кіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: