Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет591/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   587   588   589   590   591   592   593   594   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

өзІН

өзІН


421

шшік қажет. Жеке адамдық қасиеттер 

жасөспірімдік жаста едәуір дәрежеде 

қалыптасқан. Ө.-ө.т. жеткіншекалды 

жасқа  қарағанда  мақсатты  және  са-

палы түрде болады. Ө.-ө.т. – адамның 

моральдық қасиетінің бір түрі. Адам 

өзінің іс-әрекетін, ақыл-санасын іштей 

бақылап,  бағыттап  отыруы,  өзін-өзі 

бақылау  арқылы  жаман  әдеттерден 

тыйылып, жақсы әдеттерін, жағымды 

мінез-құлқын  дамытып  жетілдіреді. 

Өзін-өзі бақылау, тәрбиелеп жетілдіру 

үшін еркін берік ұстауы, ұстамдылы- 

ғы, саналы әрекеті қажет.

өзІН-өзІ ҰСТАУ – адамның өз іс- 

әрекетінің шырқын бұзатын, эмоция- 

лық саласына ықпалы болатын жағ- 

даяттарда өз қарекетін жүзеге асыру- 

ға  қабілеттілігі.  Өзін-өзі  ұстауда  іс-

әрекетгі  реттейтін  психикалық  про- 

цестерді  ерік-жігер  арқылы  ұйым- 

дастыру көрінеді. Өзін-өзі ұстай білу – 

тұлғаның эмоциялық және әлеуметтік 

кемелділігінің көрсеткіші.



өКІНУ – істелген әрекеттің қателі- 

гін, адамгершілікке жат немесе қыл- 

мысты  болу  салдарын  сезініп,  ар-

ождандық  күйзеліс  күйін  білдіретін 

ой нәтижесі. Ө. – адамның өзінің кі- 

нәсін  мойындап,  жағымсыз  қылығы 

мен қылмысына опынуы. Ар-ұяттың, 

ұжданның байқалуымен тығыз байла- 

нысты және тұлғаның өзін-өзі адам- 

гершілік жағынан бағалаушылық рө- 

лін атқарады.

өМІР САЛТЫ – индивидтердің, әлеу- 

меттік топтың, тұтас алғанда қоғам- 

ның өмірлік қарекетіне тән жиынтық 

ұғым.  Адамның  тіршілік  салты  оны 

тұстастай  кешенді  түрде  зерделеуге 

мүмкіндік береді. Бұған адамдардың 

еңбегі, күнделікті тұрмысы, мәдениеті, 

әлеуметтену жағдайлары мен белсен- 

ділігі, көбінесе девианттық мінез-құ- 

лықтары  кіреді.  Әлеуметтік-тарихи 

Ө.с.(балалар,  жастар,  әйелдер,  ер 

адамдар, әскерилер, зейнеткерлер т.б.) 

болып сараланады. Ө.с. санаты алуан 

түрлі салыстырмалы талдауларда көп 

пайдаланады. Ол – белгілі бір адам- 

ның, қоғамға байланысты тіршілік іс-

әрекетінің  амалдары  мен  түрлерінің 

жиынтығы.  Жас  ұрпақты  салауатты 

өмір  салтына  тәрбиелеу  –  әрбір  тә- 

лімгер мен ата-ананың, тәлімдік білім 

беру мекемелерінің басты міндеті бо-

лып табылады.



өМІР ТІРШІЛІГІ. Өмір салтына жа- 

қын келесі бір психологиялық ұғым 

өмір тіршілігі деп аталады. Бұл тірі 

материяның бәріне тән және өмір сү- 

ру, тіршілік ету дегенге саяды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   587   588   589   590   591   592   593   594   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет