өзІН-өзІ ЖҮзЕГЕ АСЫРУ – бұл
тұлғаның жетілген өзіндік реттеу,
өзіндік басқару негізінде пайда бола-
тын, жақын ортада өзінің әлеуметтік
статусын жоғарылату қажеттілігінен
туындаған, өзін-өзі көрсету және өзін
әлеуметтік тәжірибе субъектісі ре-
тінде өзін-өзі бекіту бойынша дер-
бес, саналанған, арнайы ұйымдасты-
рылған іс-әрекеті. Осы процестің пси-
хологиялықк механизмдері ретінде
мыналарды бөліп көрсетуге болады:
1) тұлғаның арнайы түрде ұйым-
дастырылған өзін-өзі зерттеуі (өзін-
өзі тану); 2) адамның өз қасиеттері,
қабілеттері, әлеуметтік құндылықта-
ры жөніндегі түсініктердің қалыпта-
суы (өзін-өзі анықтау); 3) өзіне ба-
ғытталған сыртқы талаптарды мақ-
сатты түрде зерттеу, солармен өз әлеу-
меттік кемелдігін салыстыру, яғни
өзінің әлеуметтік талаптарға сай бо-
луға дайындығын анықтау (өзін-өзі
саналау); 4) өзін-өзі тәрбиелеу мін-
деттерін бөліп алу, қоғамдық пайда-
лы іс-әрекет барысында өз жеке ба-
сы бойынша тәрбиелеу жұмысын
жоспарлау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-
өзі талдау, өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі
бағалау түрлерін анықтау (өзін-өзі
дамыту).
Адамның өзін-өзі білуі, басқаларға
таныта білуі – оның ішкі адамгерші-
ліктік болмысын, интеллектуалдық,
творчестволық мүмкіншіліктерін ашу-
ға үздіксіз ұмтылысы, өз бойындағы
қасиеттері мен мүмкіншіліктерін ақи-
қат дүниеге белсенді таныту проце-
сі. Бұл ұғым алғашында гуманистік
психологияда пайда болып, кон-
цептуалдық тұрғыда құрастырылды.
А.Маслоу бойынша, өзін-өзі таныту –
адамның өзінің бойындағы барлық
творчестволық қабілеттері мен мүм-
кіншліктерін едәуір толық ашып,
жүзеге асыруға үздіксіз ұмтылысы.
Ол қажеттіліктер иерархиясында
ең жоғарғы орынды алады. Екінші
тұрғыда өзін-өзі таныту нағыз бел-
сенділігі, шынайы әрекетті білдіре-
тін ұғым ретінде түсініледі. Ағыл-
шын тілінде «action» әрекет мағына-
сын білдіреді. Ал өзін-өзі танытуға
мәні жағынан жақын ұғым ретінде
қолданылатын өзін-өзі жүзеге асыру
ұғымында «геаlіzаtіоn» – Оксфордтық
ағылшын тілі сөздігіндегі анықтама
бойынша белсенділікті емес, ал ең ал-
дымен, адамның саналау, ой-әрекетін,
яғни танымдық іс-әрекетті білдіреді
О.-о.т. (латын тілінен, асtual – «шына-
йы») – гуманистік психологияның не-
гізгі тұжырымдамалық ұғымы.
А. Маслоу бойынша, «Өзін-өзі таны-
ту – адамның бар мүмкіндігі жеткен-
ше, адам болуға ұмтылу, өзін-өзі же-
Достарыңызбен бөлісу: |